ДИКТОР: Биыл Бөгенбай батырдың туғанына 345 жыл толып отыр. Абылай ханның тұсында батыр, атақты қолбасшы шешендігімен, әскери тактикасымен және ерлігімен ел есінде қалған. «Орта жүздің боз арғымағы» атанған Саққұлақ бидің 225, діни-ағартушы Сәдуақас Ғылманидің туғанына 135 жыл. Осылайша Ерейментау ауданының жұртшылығы бюджет қаражатынсыз өз күштерімен үш ғұламаның мерейтойларын дүркіретіп атап өтті. Көкпар өткізіліп, бәйге жарыстырып, қала берді қазақша күрестен турнир өтті.

РКС: Мерейтойдың құрметіне 30-ға тарта ақшаңқан киіз үй тігіліп, ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Қанжығалы Бөгенбайдың батырлығы бір төбе. Әділдігімен танылған Саққұлақ бидің философиялық ойлары тұнып тұрған тарих.

СНХ: СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Ұлт қаһарманы Қанжығалы қарт Бөгенбай – қазақ тарихындағы ұлы қаһармандарымыздың бірі. қаһармандығмен, патриоттығымен, стратегтігімен қазақтың ұлан-байтақ даласын қорғаған қайраткер, бас қолбасшы. 106 рет шайқасқа шыққан. Батырлардың серкесі, тәлімгері, тәрбиешісі. Сондықтан да Ереймен елінде Қанжығалы Бөгенбайдың ерлік рухына арнап, осындай іс-шара өтуі – бұл заңды. Екінші, дала данасы – әділ сөздің иесі, өз заманнының қайраткері Саққұлақ бидің асыл ойлары біздің рухани дамуымызға жойқын серпін береді.

РКС: Келесі көрнекті тұлға – дін ғұламасы, тіл майталманы Сәдуақас Ғылмани. Малтабар ауылының тумасы 14 жасынан «Бала молда» атанған. 70-ші жылдары 110 мыңға жуық сөзден құралған «Арабша-қазақша түсіндірме сөздікті» жарыққа шығарған. «Діни педагогика» атты оқулық жазып қалдырған. Бұдан бөлек, Әмір Темір жайында да түрлі тарихи дастандары бар, өз заманының даналары жайында ой тербеген пәлсапалық ой-толғамға толы мол мұрасы – баға жетпес байлық.

СНХ: САЙЛАУ БАЙБОСЫН, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Қоғамда бір саяси толқыныстар туған кезде осындай тұлғалар іріктеліп шығады ғой өздері. Бөгенбай секілді, Қабанбай секілді адамдар. Бөгенбай да, Қабанбай да дәуір жасаған адамдар, дәуірдің толқынынан туған адамдар. Мынау илеуішке салып, құмды илеп қойғанда ұсағы кетіп, ірісі қалып қояды ғой, сол секілді. Енді Бөгенбай тұлғасын да бір-ақ ауыз сөзбен осылай айтуға болады. Саққұлақ биді айтатын болсақ, «Саққұлақ – Арғынның ақсақалы. Бұл өз кісі жақсы шешен. Өз заманынының үлкен қоғам қайраткері. Бәтуалы шешім, баталы сөздің иесі болған адам бұл кісі. Бөгенбайдың жаңағы қарап отырсаңыз, Тұраналыдан бастап, балаларының барлығы да батырлық емес, ақындық, зиялылық, рухани жолмен кеткен.

РКС: Ғылыми конференциядан соң ауылдың шетіндегі ипподромда ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылды. Көкпарға 8 команда қатысса, аламан бәйгеге 22 сәйгүлік, құнан бәйге жарысына 15 ат қосылды. Бұдан бөлек жасөспірімдер арасында қазақша күрестен шағын турнир де өтті. Көкпардың жүлде қоры 1,5 млн теңге. Аламан бәйгеде оза шапқанға автокөлік мінгізілді. Құнан бәйгеге қатысқан шабандоздарға мотоцикл берілді.

СНХ: АБАЙ ӘЛЖАНОВ, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бәйге болды, міне, 25 шақырымға. Абай облысының аты әкетті. Автокөлік «Lada Granta» жаңа. Екіншісі ақшалай, үшінші орын да ақшалай. 7 шақырымнан Павлодар облысының аты әкетті. Оған үлкен мотоцикл. Күресте 3 вес болып жатыр. 3 веста бірінші орындардың бәріне мотоцикл, жаңағы балаларға кішкене рух болсын, ертең шабыт алсын деп сондай жағдай жасап жатырмыз. Көкпар болды, көкпарда міне, мынау Софиевка деген ауылдың азаматтары бірініші орынды алды. «Жаңа жол» командасы екінші орын алды. Үшінші мынау өзіміздің Целиноград районынының жігіттері алды.

РКС: Қазақша күрестен өткізілген шағын турнирде 55 және 60 келі салмақта ерейментаулық Тайлақ Нұрсәт пен Айсұлтан Әбішев, ал 42 келі салмақта елордалық спортшы Алтынбек Жолтой жеңімпаз атанды. Жеңімпаздардың барлығына мотоциклы сыйға тартылды.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ