ДИКТОР: Маусымның 30-ы мен шілденің 6-сы аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында бокстан әлем кубогы өтті. Осынау байрақты бәсекеге төрткүл дүниенің 30 елінен 300 боксшы қатысып, күш сынасты.

РКС: Қазақстан әлемдік деңгейдегі бокс жарысын Астана төрінде тұңғыш қабылдап отыр. Осы орайда ұйымдастырушылар жақсы жұмыс істеп, жанкүйерлерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қолайлы жағдай жасағандығын атап өткен жөн. Жарыстың әр күні сенсацияға толы болды. Қазақстан боксшылары 8 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға көтерілді.

ИНТЕРНШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Міне, шаршы алаңнан әлем чемпионы атанып, Назым Қызайбай қызымыз түсіп келеді.

СНХ: НАЗЫМ ҚЫЗАЙБАЙ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Әлемдік жарысқа кілек мықтылардың келетіні белгілі. Біздің әйелдер құрамасы бұл бәсекеге бірнеше ай бойы мықтап дайындалды. Қарсыластарыма қарсы бапкерлер тактика қойып берді. Соны жүзеге асырып, жеңіске жетті.

РКС: Қазақстан боксшысы Виктория Графееваның 60 келі салмақта қарсыластары осал емес еді. Біздің бұрымды боксшы финалда әдемі ойын өрнегін көрсетті. Сөйтіп, алтыннан алқа тақты.

СНХ: ВИКТОРИЯ ГРАФЕЕВА, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: Бұл тамаша жарыс болды. Өз жерімізде, елімізде өткендіктен бе біз үшін қымбат. Мен жанкүйерлерден рух алдым. Мен сені сүйемін –Қазақстан!

РКС: Шілденің 6-сында өткен әлем кубогын тамашалауға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Ол ел боксшыларының ақтық айқасына жанкүйер болып, алдағы жарыстарда жа жеңіс тіледі.

СНХ: БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕПИОНЫ: Ақтық сынға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының келуі боксшыларға рух берді. Ол біздің сайысымызды көріп, ақжолдай тілегін айтты. Боксты қолдайтынын жеткізді.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Әлем кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау сәті биік деңгейде өтті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ