ДИКТОР: Қазақстанда талантты жастар мен сала үздіктерін қолдау мақсатында жаңа ұлттық марапат — «Жас кеңес сыйлығы» тағайындалды. Бұл сыйлық — кәсіби шеберлік, қоғамдық белсенділік және ел дамуына қосқан үлес үшін берілетін ерекше құрмет. Бұл сыйлық — қоғамдық өмірге белсене араласып, ел болашағына үлес қосып жүрген жастарды қолдаудың бірегей үлгісі.

РКС: «Jas Keñes Sıylığı» — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен былтыр тағайындалған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталмақ.Оның басты мақсаты – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, еріктілік, экология, инновация, әлеуметтік кәсіпкерлік сияқты бағыттардағы ең үздік жобаларды анықтау. Биыл алғаш рет табысталғалы отырған марапат бірнеше номинацияны қамтиды. Олардың қатарында ғылым мен білім, мәдениет пен өнер, кәсіпкерлік, экология және волонтерлік бастамалар бар.

СНХ: ШОЛПАН АЙТХОЖИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Қатысу шарттары қандай? Бұл сыйлыққа кімдер үміткер бола алады? 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына экономиканың түрлі саласы бойынша 10 номинация тағайындалады. Байқаудың өзі іріктеудің 3 кезеңінен өтеді. Жүлде 1 миллион теңге. Әр сыйлық, әр номинация бойынша 2 жеңімпаз сайланады. Яғни, жүлденің жалпы қоры-20 млн теңге.

РКС: Биылғы жылы номинациялар саны 10-ға дейін кеңейтілді. Сыйлықтың басты мақсаты – жасампаздықты дәріптеу, жаңа идеялар мен жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жыл сайынғы дәстүрге айналып, еліміздің озық тұлғаларын насихаттауға жол ашады.

СНХ: ШОЛПАН АЙТХОЖИНА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Бірінші номинация – ішкі істер органдары мен қарулы күштер қызметкерлеріне арналған "Жан қиялы" деп аталады. Өңдеу өнеркәсібі қызметкерлеріне арналған «Өнеркәсіп» номинациясы. Тау-кен металлургия кешені және экономиканың басқа да өндірістік салалары қамтылады. Бұдан әрі "Білім және ғылым" мектепке дейінгі, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің педагогтеріне, сондай-ақ ғалымдарға, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған. Сыйлықтың басты серіктесі және демеушісі "Brave Talents" компаниясы. Кеңестің сыйлығы мен қызметі туралы толығырақ ақпаратты jas-kenes.kz сайтынан білуге болады.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты жастардың басын қоспақ. «Жас кеңес сыйлығы» – болашаққа бағытталған сенімнің, еңбектің және елге деген сүйіспеншіліктің символы. Жастар – ел болашағы. Ал осындай бастамалар олардың әлеуетін ашуға, жаңа белестерге жол ашуға мүмкіндік береді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ