ДИКТОР: Туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде облыс әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Кеңесте өңірде қолайлы инвестициялық ахуал құру мәселесі талқыланды. Бұл қажеттілік, өйткені мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша туризм экономиканы дамытудың жаңа нүктесі болуға тиіс екенін жиналысқа қатысушылар атап өтті.

РКС: Отырысты ашқан аймақ басшысы туристік сала инвесторлар үшін тартымды екенін атап өтті. Тек "Бурабай" курортына алдағы 5 жылда шамамен 140 млрд. теңге тартылмақ. Марат Ахметжанов ендігі мақсат құқық бұзушылықтардың алдын алу және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту екенін еске салды. Мемлекеттік қолдау шараларына және өңірге инвестициялардың тұрақты өсуіне қарамастан, талдау нәтижелері бойынша саладағы бірқатар елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

СНХ: АСХАТ ОРАЗХАН, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінім беру және мақұлдау процесі ашық емес. Өтінімдерді қабылдау және қарау қағаз жүзінде "ескі" әдіспен жүзеге асырылады, іс жүзінде әр кезеңде адам факторы болады. Жалпы, мұның бәрі адал бизнестің мүдделеріне теріс әсер етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Туристік қызмет субъектілерін лицензиялау кезінде де тәуекелдер белгіленген. Құжаттарды талдау көрсеткеніндей, бірдей мамандандырылған білім туралы дипломдарды лицензия алу үшін әр түрлі заңды тұлғалар қолданған. Бұдан басқа, "Көкшетау" ұлттық паркін талдау барысында комиссия мүшелерінің жақын туыстарына жер телімдерін берудің 2 фактісі анықталды.

РКС: Туризм басқармасы басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты жоспарлы жұмыстың атқырылып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда бюджеттің ашықтығын қамтамсыз етуге баса назар аударылуда.

СНХ: АНДРЕЙ ПОДГУРСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Наурыз айынан бастап басқармадағы бухгалтерлік есеп мемлекеттік ұйымдар үшін Fundo ақпараттық-сарапталық жүйе арқылы жүзеге асырыла бастады. Осылайша бұлтты бухгалтерияға көшірілді. Бұл ең алдымен сыбайлас тәуекелдерді және бюджеттік қаржыны мақсатсыз пайдалануды мейлінше азайтуға мүмкіндік берді. Күн сайын бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік операциялардың мәліметі бірыңғай қойма жүйесіне жүктеледі.

РКС: Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде адал бизнестің құқығына қысым жасамалмауы маңызды екенін қадап айтты. Бұдан бөлек, азаматтардың санасын сыбайлас жемқорлықты қабылдауын өзгертуге, осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және алдын алуға баса назар аудару мәселесіне қатысты жұмыстар жалғасады. Өз кезегінде бұл ұлттық жобаларды жедел жүзеге асыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етпек.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ