ДИКТОР: Яндекс Go қызметіндегі «Межгород» тарифімен енді Щучинск-Бурабай, Көкшетау-Щучинск, Көкшетау-Зеренді, Көкшетау-Бурабайға қатынауға болады. Әр жолаушы алғашқы сапарында 50-ден 75 процент аралағына дейінгі жеңілдікке ие болады. Мысалы, Щучинск қаласынан Астанаға бару үшін жолақы 1250 теңгеден басталады.
РКС: Яндекс Go-дан қалааралық тарифі ұзақ сапардың ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Енді жолаушылар белгілі бір уақытқа автокөлікті алдын ала брондап, ақшаны үнемдей алады – жол жүру құны ұқсас бағыттағы «Экономика» тарифіне қарағанда айтарлықтай арзан. Яндекс Go қалааралық екі нұсқаны ұсынады, басқа жолаушылармен бірге бару немесе көлік салонын толық алу. Қазір өзге жолаушылармен бірге жолға шығатын болсаңыз бірінші сапарға 50 процент жеңілдік жасалады. Мысалы, Көкшетаудан Зерендіге небәрі 750 теңгеге жетуге болады.
СНХ: ТАЙЫР БАЙДҮЙСЕН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЯНДЕКС GO БАСШЫСЫ: Яндекс Go өз қызметінде қалааралық бағыттардың санын арттырып жатқанын қуана хабарлайды. Қалааралық жолға шығуға жоғары рейтингі бар жолаушылар іріктеледі. Технологиялар арқылы қауіпсіздік шаралары толық қадағаланады. Ол жүргізушінің жылдамдықты тым асырмауы, маневрлік қабілетін бақылау және жолда ұзақ жүрмеуі, шаршамауы қадағаланады.
РКС: Яндекс Go қызметі арқылы брондалған барлық сапарлар жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын қосымша тегін 4 миллион теңгеге дейінгі сақтандыру бағдарламасымен қамтылған. Жол жүруге бүгіннен бастап тапсырыс бере аласыз, ол үшін тек Яндекс Go қосымшасын жүктеп алсаңыз болғаны.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.