ДИКТОР: Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында бос уақытты өткізу орталығының құрылысы аяқталуға жақын. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаға қаржы республикалық бюджеттен бөлінген.

РКС: 150 орындық бос уақытты ұйымдастыру орталығының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған еді. Нысанның құрылысына 805 миллион теңге бөлінген, қазір соның тең жартысынан астамы игерілді. Мердігер ұйым «Азамат Құрылыс» серіктестігі.

СНХ: АЙНАБЕК ЖҮСІПӘЛИН, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Қазір ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Абаттандыру мәселесіне келсек, асфальт төсемін жүргізу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. 4,5 мың шаршы метр аумаққа асфальт, 170 шаршы метр жаяу жүргінші жолына брусчатка төселеді.

РКС: Нысанда 30-дан астам жұмыс еңбек етуде. Ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарына соның басым бөлігі жұмылдырылса, 10 жұмысшы маңайды аббаттандыру жұмыстарына тартылған.

СНХ: ҚАДЫРБЕК ХАМЗИН, УЧАСКЕ ЖҰМЫСШЫСЫ: Cегіз жарымда уже жұмыс басталады, кешкі жеті, жеті жарымда тоқтаймыз. Қазір қалған кафель, плиточный жұмыстарды бітіріп жатырмыз. Шамалы қалды енді, бір 3-4 күнде бітеді.

РКС: Жергілікті тұрғындар үшін мұнда түрлі үйірме өткізіледі. 150 орындық би және концерт залы да қарастырылған. Спорт алаңы да болады. Нысанды маусымның бірінде қолданысқа беру жоспарланып отыр.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ