ДИКТОР: Ақмолалық диқандар егістік алқабын ақбөкендердің таптап кетуінен қауіптенеді. Сайын далада жөңкілген киіктер былтырғы көші-қон кезінде Атбасар, Жарқайың мен Астрахан аудандарында 100 мың гектарға жуық егістікті күйретіп кеткен. Сондықтан биыл алғаш рет орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарынан 29 мобильді топ құрылып отыр. Олар сегіз аудандағы егістік алқаптарын киіктердің жайлап кетуінен қорғайды.
STAND-UP: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Ақмола өңірінде бүгінде егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Ал шаруалар болса, егістік алқабымызды киіктер таптап кете ме деп қауіптеніп отыр. Көктемгі санақ бойынша Ақмола өңірін 340 мың киік мекендейтін көрінеді. Дәл осы көктемде олардың төлдейтін кезеңінде Атбасар, Жақсы ауданына бет алады. Сондықтан арнайы құрылған мобильді топтың 5-уі қазір осы Атбасар ауданында өз кезекшіліктерін бастады.
РКС: Мобильді топ киіктер төлдеп болған соң оларды Бетпақдалаға қарай бағыттап, қоныс аудартуы керек. Қазір мамандар ақбөкендер отап кетпесін деп егіс алқаптарын күндіз-түні күзетуде.
СНХ: ЖҮСІП ҚҰСАЙЫНОВ, «ОХОТЗООПРОМ» МЕКЕМЕСІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Бүкіл киіктер Атбасар, Жақсы ауданын төлдеу біткеннен кейін Қорғалжынның заповеднигі, жаңағы сол жаққа қарай айдау мақсатында Қарағанды облысының Нұра ауданына бағыт алу керек. Сол мақсатта біз құралғанбыз.
РКС: Жанат Қамбатыров 2020 жылдан бастап бес жыл қатарынан ақбөкендердің егістікті жайлап кетуінен зардап шеккен. Дала жануарлары жыл сайын кемінде 3,5 мың гектар жерді күйретіп, жарамсыз ғып кетеді, -дейді.
СНХ: ЖАНАТ ҚАМБАТЫРОВ, ШАРУА: Биыл да ондай қауіп жоқ емес. Бізге орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қызметшілері Ақмола облысына, Алматы облысынан қолдау ретінде келіп отыр. Бұл енді жақсы бастама. Бізге осындай қолдау өте қажет.
РКС: Ресми дерек бойынша, әлемдегі киіктердің 98 пайыздан астамы Қазақстанды мекендейді. Жануаралардың төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады. Сондықтан егістік алқаптарындағы кезекшілік дер кезінде ұйымдастырылды -дейді мамандар.
СНХ: ЛАШЫНТАЙ ДҮЙСЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Штабтар енді 15 мамырдан бастап, 31-ші мамырға дейін бірінші кезек сол жерде дежурство жасайды. Бұлардың жұмыстары ауыл шаруашылығы мекемелеріне көмектесу, потрава болмасын деп. Мемлекеттен бұл әрекет бірінші рет болып жатыр. Ойлаймын, мынау кезек үкіметтің ұйымдастыруымен нәтижесін береді тиянақты түрде.
РКС: Даланың құнарлы шөбі азайған соң мыңдаған жануар егінге түседі,-деген де қауіп бар. Сондықтан мобильді топ көктемде ғана емес, жазда да егістік алқаптарын көздің қарашығындай қорымақ.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ