ДИКТОР: Ақмола облысындағы Атбасар қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға салынған үйдің сапасы сын көтермейді. Жаңа баспананың қабырғалары жарты жыл өтпей, көгеріп кеткен. Қыста пәтердегі жылу желілерінен ақау шығып, салдарынан қабырғаларына сызат түсті. Мемлекет қаржысына салынған үйдің одан басқа да ақаулары көп.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Баспананы тез тапсыруға асыққан құрылысшылардың жіберген олқылықтары жетерлік. Ең бастысы, үйдің жылу жүйесі дұрыс тартылмаған,- дейді тұрғындар. Оның үстіне терезе жақтаулары мен төбеден жер гулеп тұрады. Ал, беті линолеуммен қапталған еден үгітіліп жатыр. Кәріз құбыры да дұрыс жұмыс істемейді деп тұрғындар ашынып отыр.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СЕКЕРОВ, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Февраль айына дейін киіммен, суық болды. 16 градустан жоғары көтерілмеді. Сосын дополнительный жылу беріп, 20-дан кішкене көтеріліп, кішкене көзіміз ашылды. Сол февральға дейін бізде и плесень басталды.

СНХ: ЕРМЕК ҚҰСШЫБАЕВ, АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Соңына дейін бітпеген жүйеге біздің септик пен канализацияны соған қоса салған. Енді көктемде біздің септиктер толып, подвалдың бәрі суға, анау канализацияның бүкіл нәжісіне толды. Бүкіл үй иістеніп кетті. Оны бірақ машинамен келіп бәрін сорып әкетіп отырды. Бірақ ол шаруа емес қой.

РКС: Бүгінде 45 пәтерлі түрғын үйдің тек жартысына ғана адамдар қоныстанған. Себебі, ақауы көп үйге көшуге қауіптеніп отыр. Тұрғындардың арыз-шағымы негізінде 32 акті толтырылды. Жауапты орган өкілдері де тұрғындардың шағымдары орынды екенін мойындап отыр.

СНХ: АҢСАҒАЙ СМАҒҰЛОВ, АТБАСАР ҚАЛАСЫ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Ондай ақаулар болды. Бұл үй эксплуатацияға негізі 6-шы ноябрьде енгізілген болатын. Сондықтан сырость басталды. Негізі бұл үйдің өзіндегі жылу жүйесі ақау беріп тұр. бізде шарт бар, госзакупка бойынша мемлекеттік сатып алу шарты. Сол бойынша екі жылдық гарантия бойынша жасамаған кезде сотқа беріп, міндетті түрде жасатқызамыз.

РКС: Бұл астаналық мердігердің үй құрылысында жіберілген олқылықтарды жою бойынша тұрғындармен осымен екінші кездесуі. Осы жолы да арыз-өтініштері бойынша кемшіліктерді тізіп, жазып алды.

СНХ: ҚҰРМЕТ БЕКҚОЖИНОВ, МЕРДІГЕР:А қпан айында да кемшіліктер бойынша жұмыс жасадық. Ақау актілеріне тұрғындар өз қолдарын қойды. Міне, екінші рет келіп отырмыз. Басқа да арыздары бойынша жұмыстарды ертеңдері бастаймыз. Біз тығылып, қашып жүрген жоқпыз. Кемшіліктерді де жоққа шығарып отырған жоқпыз. Әр өтініш бойынша ақауларды жоятын боламыз. ///

РКС: Жалпы, шаһарда соңғы 10 жылда тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға арнап 18 көпқабатты тұрғын үй салынып, бір жатақхана қайта жөндеуден өткізілді. Сөйтіп, бір мыңнан аса атбасарлық баспаналы болды. Ал мемлекет қаржысына салынған соңғы үйдің кемшіліктерін мердігер шілденің ортасына дейін жоямын деп сендіріп отыр.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ