ДИКТОР: 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Балғын балалық шақ» тақырыптық іс-шара өтті. Балаларға арналған бағдарлама олардың ұлттық мәдиет пен отбасылық құндылықтарға негізделген жан-жақты дамуына ықпал етуге бағытталған.
РКС: Іс-шара көпбалалы отбасының, мүгедек, асыранды бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылардың балалары үшін ұйымдастырылды. Оған 20-дан астам бала қатысты.
СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, «QOLQANAT» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Бұл іс-шарада бізде әртүрлі санаттағы балалар мен отбасылар қамтылған. Мұндай іс-шара өткізудің басты мақсаты – әрине бірінші отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Әр балаға бақытты балалық шақ жақсы даму үшін, әр баланың жеке басындағы шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шара.
РКС: Шара барысында балалар үшін аниматорлар түрлі ойындар өткізді. «Ана» тақырыбындағы фотокөрме, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған психологиялық тренинг, сондай-ақ «Арманға жол» тақырыбында асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
СНХ: ӘЛИША БҮРКІТ, «ҚАЙНАР» БАЛАЛАР АУЛА КЛУБЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Мен мұнда өзімнің үлкен отбасыммен келдім. Анам, әкем, мен және менің аға-інілерім. Маған отбасым сурет салуға көмектесті. Бүгін өз арманымды бейнелеуге тырыстым. Түркияға ұшақпен баруды армандаймын. Сондай-ақ, гүл мен күннің суретін салдым.
РКС: Іс-шара ішкі саясат бөлімінің, сондай-ақ облыстық білім беру басқармасының қолдауымен өткізілді. Айта кету керек, халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған мұндай шаралар Зеренді, Бурабай ауданының балалары үшін де ұйымдастырылмақ.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.