ДИКТОР: Шотокан каратэ-додан Щучинск қаласында өткен республикалық біріншілікке еліміздің 12 аймағынан 300-ден аса спортшы қатысты. Олар өз шеберліктерін паш етіп, чемпион атағына таласты.
РКС: Бұл жарыстар іріктеу кезеңі. Онда үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қазан айында Польшада өтетін шотокан каратэ-додан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.
СНХ: ФАРИТ АЮПОВ, ШОТОКАН КАРАТЭ-ДО ҰЛТТЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл чемпионаттың қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады. Яғни, жүлделі бірінші және екінші орын алған спортшылар құрамаға енеді. Қазір келер жылдың ұлттық командасы жасақталып жатыр. Бұл құрама халықаралық және өкілдік жарыстарда еліміздің атынан өнер көрсетеді. Бүгін біз Бурабайда жиналдық. Елдің 12 өңірінен спортшылар қатысып жатыр.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ЧЕМПИОНАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Осы чемпионатқа біздің Ақмола облысының 9 спортшысы қатысып жатыр, ол ересектер арасында және де оған қоса біз Бурабай оупен атты республикалық турнир өткізіп жатырмыз. Республикалық турнир 5 жастан бастап 17 жасқа дейін балалар арасында өтіп жатыр, жалпы дайындығымыз өте жақсы, біздің спортшыларымыз міне бүгінгі ересектер арасында чемпионаттан.
РКС: Ақмолалық спортшылар туған өлкесіндегі татамиде жарысты сенімді бастады. Жарыстың алғашқы күндерінің қорытындысы бойынша олардың қоржынында екі алтын, бір күміс және екі қола медаль бар. Жарыста көзге түскен каратэшілердің бірі — Аима Теріқұлова.
СНХ: АИМА ТЕРІҚҰЛОВА, ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ:
Республикалық турнирде мен «21+» санатында кумитэ бойынша бірінші орынды жеңіп алдым. Бұл турнирге қатысып жатқан барлық спортшы жоғары деңгейдегі дайындықтарын және шеберліктерін көрсетуде.
РКС: Жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды алда әлем чемпионатына дайындық күтіп тұр. Жаттығу жиындары жақын күндері басталады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ