ДИКТОР: Зеренді аумағындағы «Парус» лагерінің базасында жыл сайынғы дәстүрге айналған «Думан» тәлімгерлік-нұсқау лагері ұйымдастырылды. Бұл шара – еліміздегі балалардың жазғы демалыс орындарында жұмыс істейтін жас мамандарды даярлауда маңызды оқиға.

РКС: Лагерьге жоғары оқу орындарының студенттері, мектептердің жоғары сынып оқушылары мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты. Олар тәлімгерлік жұмысқа қызығушылық танытып, кәсіби біліктіліктерін арттыруға ниетті екендерін жеткізді. Төрт күнге созылған белсенді бағдарлама аясында қатысушылар түрлі дәрістер мен тренингтерге қатысып, шеберлік сабақтарынан өтті.

СНХ: МИЛАНА САЙЛАУБАЕВА, ТӘЛІМГЕРЛІК-НҰСҚАУЛЫҚ ЛАГЕРІНЕ ҚАТЫСУШЫ: Осы "Парус" легеріне келуімнің басты себебі, бұл халықаралық тәлімгерлік-нұсқаулық лагері. Осы үш күн бойы бізде өте керемет өтті. Тек қана жаңа достар ғана емес, сонымен қатар жаңа білім алдық. Бізде өте күшті спикерлер сөз сөйледі. Ең бірінші ол Джонатан деген кісі Астана қаласындағы спектрум мектебінің директоры. Біз жастар саясаты бойынша жаңа білім ала алдық, сонымен қатар осы тәлімгерліктің бізге болашақта қандай септігін тигізетінін үйрендік. Мен өзім болашақ педагогпын, сол себепті бұл лагер менің болашағыма көп септігін тигізді. Алла жазса екі аптадан кейін мен осы "Парус" лагеріне тәлімгер болып келетін боламын.

РКС: Төрт күн бойы қатысушылар мазмұнды білім беру бағдарламасынан өтті. Көшбасшылық, шиеленістерді басқару, эмоционалды интеллект, арт-терапия және актерлік шеберліктен дәрістер, тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында республикалық деңгейдегі танымал сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

СНХ: БОТАКӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бірер күннен кейін жазғы демалыс, балаларды сауықтыру мезгілі басталады.Сондықтан мұндай жерде балалармен жұмыс істейтін ол, әрине, тәлімгерлер. Сондықтан бізде биылғы жылы «Думан» қоғамдық бірлестігі тәлімгерлерді біздің облысқа дайындайды, ал бұл халықаралық деңгейде өтіп жатқаннан кейін, бүгінгі слетқа Шымкент қаласынан, Астана қаласынан, Ақмола облысының тәлімгерлері және спикер Англиядан келіп отыр. Сондықтан осы жұмыс барысында бізге ең қажетті балалардың жазғы демалысы қызықты өтуі үшін, әрине ол тәлімгерлердің білім деңгейі мен олардың жұмысы.Соған ерекше көңіл бөлеміз.

РКС: Айта кетейік, биыл "Думан" педогогикалық отрядына 10 жыл. Осы жылдар ішінде олар Қазақстанда тәлімгерлік қозғалысты дамытып, жас көшбасшылар мен тәлімгерлердің жаңа буынын тәрбиелеп аса маңызды роль атқаруда. Лагерьдің қорытынды кезеңінде қатысушыларға сертификаттар табысталды. Осылайша, жазғы маусымға дайын тәлімгерлердің жаңа буыны сапқа қосылды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ