ДИКТОР:Жеңістің 80 жылдығына орай Астрахан ауданына қарасты Алғабас ауылында мемориалдық тақта ашылып, батырлар рухына арналып ас берілді. Отан соғысы ардагерлерінің рухына тағзым ету үшін «Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Марат Нағұманов пен Алғабас ауылының тумасы, ғылым докторы, академик, Астана қаласы, Нұра ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмағамбет Аипов қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жиналған жұрт бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін жаны мен бар күшін сарп еткен батырларға арнап бой көтерген мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды. Ауылда 11 үй ғана түтін түтетіп отыр. Соған қарамастан ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, бір үйдің баласындай бірлігін көрсетті. Бір минут үнсіздікпен соғыс ардагерлері еске алынды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Сонымен қатар Астанадан Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауылы ротасының салюттік тобы мен қарауылы Әскери рәсімге сай құрмет көрсетті. Алғабас ауылының тумасы, Айтмағамбет Аиповтың соғыста ерлікпен қаза тапқан әкесі, әкесінің інісі, тыл еңбеккері анасының есімдері де осы мемориалдық тақтаға жазылған. Айтмағанбет Аиповтың ендігі мақсаты атасының аманаты болған, Украина жерінде қаза тапқан соғыс ардагері Есләм Айыпұлының топырағын алдыру.
СНХ: АЙТМАҒАМБЕТ АИПОВ, АЛҒАБАС АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ, ҒЫЛЫМ ДОКТОРЫ, АКАДЕМИК: Осы Алғабас ауылында 8-жылдық мектепті бітіріп, әрі қарай өзіміздің білімімізді жалғастырып кеткен жайымыз бар. Жеңістің 80 жылдығы. Сол 80-жылдыққа қарсы біз былтыр жігіттермен, класстастармен,ауылдастармен жиналып осындай әжептәуір өзіміз дұға оқытқанбыз аурақтарға. Сонда әңгіме қозғадық. Ауылдың адамдары жиналып салтанатты түрде Астрахан ауданының әкімі қолдап, тамаша, өте жақсы іс-шара өтті.
СНХ: МАРАТ НАҒҰМАНОВ, «ҚАЗАҚСТАН ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:: Бұл өте керемет, халқымызға, жұртымызға, бірінші жастарымызға керек іс-шара. Майдангерлердің ерлігін жастарымызға үлгі етіп, тәрбиелесек біздің ел Мәңгілік ел болады деп біз оған сенеміз. Жарқын болашағы ұрпағына тусын деп өзінің кеудесін жаудың оғына төсеп, мінеки солардың арқасында, солардың төккен тері, берген жанының арқасында біз егеменді ел болып Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Біз өткен тарихымызды білуіміз керек. Тарихымызды білмесек, біз болашағымызды болжай алмаймыз.Қанша дәуір өтсе де ұрпақтың сабақтастығы жалғаса беру керек.
РКС: Меценаттардың қаражатына майдангер батырлардың есімдері жазылған бес ескерткіш тақта орнатылды. Мемориалдық тақтаның ашылуына ауыл халқы мен соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, Астрахан ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімі де арнайы қатысты. Батырлар ерлігі ұрпаққа үлгі, елге мақтаныш дейді-жиналғандар.
СНХ: ЖАҢБЫРБАЙ ОРМАН, АСТРАХАН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Осыны ұйымдастырған азаматтарға үлкен-үлкен рахмет. Ата-бабаларымыздың жатқан жері жарық болсын. Кейінгі мына жастарға бейбіт өмір сыйлаған мына кісілерге үлкен-үлкен рахмет! Біз әрдайым ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.
РКС: Бұл шара бүгінгі ұрпақтың аталар ерлігіне деген терең құрметі. Екіншіден, тарихи жадыны жаңғыртып, жастардың патриоттық рухын аттырады. Себебі, ерлік ұрпаққа ұмытылмайтын аманат. Елге, ұрпаққа адал қызмет етудің шынайы үлгісі.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ,САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ