ДИКТОР: Маусымның бірінде Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің 4-ші кезеңі басталады. Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба тиімді әлеуметтік баспалдақ ретінде 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынған еді. Мақсаты мемлекеттік қызметке дарынды, бастамашыл әрі прогрессивті жастарды тарту. Резервке 400 адам қабылданды. Бәсекелестік мықты, өйткені 60 мыңнан астам жас маман жобаға қатысуға ниет білдірген. Бастама нәтижелілігін дәлелдеді. Қазір соның 80 проценті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жұмысқа орналастырылды.

РКС: Биыл іріктеу алты бағыт бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік саясат, агроөнеркәсіптік кешен және экология, цифрландыру, инфрақұрылым, өнеркәсіп және сауда, экономикалық және қаржылық саясат, сыртқы саясатты жақсы білулері керек. Төртінші іріктеудің ерекшелігі – оның барлық кезеңіндегі тепе-теңдік. Яғни, әр салалық бағыт бойынша үміткерлердің бірдей санына квота қарастырылған.

СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Кандидаттарға қойылатын жалпы талаптар бұған дейін өткізілген іріктеудің талаптары сияқты. Яғни, кандидаттардың жасы 35-тен аспауы, жоғары білімінің, бес жылдан кем емес еңбек өтілінің және қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы туралы талаптар сақталатын болады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. 2025 жылдың маусым-қазан айлары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша Резервке үздік 50 кандидат іріктелетін болады. Резервке қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден өтпей тікелей түрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.

РКС: Кадрлық резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады. Бес ай ішінде сараптау комиссиясы үміткерлердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу және жағдаяттық міндеттерді шешу қабілетін бағалайды. Бұдан бөлек, жас мамандар ассессмент-орталықтан және құзыреттілік бойынша сұхбаттан өтулері қажет.

СНХ: ДУМАН ӘБІЛЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Резервке алу үшін кандидаттардың құжаттарын қабылдау ағымдағы жылдың 1-30 маусымы аралығында http://pkrezerv.gov.kz/ порталында онлайн режимде жүзеге асырылады. V кезең. Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуді 8 – 15 қазан аралығында өткізу жоспарлануда. Сарапшылық комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия отырысына 100-ден аспайтын кандидаттар тізімі ұсынылады. VІ соңғы кезең. Резервке үздік 50 кандидатты қабылдау үшін Ұлттық комиссияның отырысын қазан айының 25 күніне дейін өткізіп, қазан айының соңына дейін шешім шығару жоспарлануда.

РКС: Кандидаттарға қойылатын талаптар мен іріктеудің кезеңдері туралы мәліметтер pkrezerv.gov.kz порталында қолжетімді. Тіркеу кезінде мәселелер туындаған жағдайда үміткерлер сайттағы чат арқылы қолдау қызметіне немесе +7 700 096 70 74 телефоны арқылы хабарласа алады.

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ