ДИКТОР: Көкшетаудағы Вернадский мен Капцевич көшелерінің қиылысында орналасқан 45 пәтерлі жаңа 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Қазір маңайын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жақында пәтерлердің кілті табыс етіледі. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғын үйлердегі қазіргі жұмыстың барысымен танысты.
РКС: Бұл үйлер қала тұрғындары үшін ерекше сәулет үлгісінде салынған. Ішкі бөлмелері де өте қолайлы ойластырылып жобаланған. Қазір үйлердің құрылысы толық аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жуырда жаңа пәтерлердің кілті иелеріне табысталмақ.
ИНТЕРШУМ: 30-на дейін бітіресіңдер ме?
– Иә, енді тырысамыз ертерек бітіруге.Бізде жалпы основание асфальтқа дайын.
– В основном көп балалы аналар келеді. 1 маусымға – балалар күніне қарсы біз бітіруіміз керек.
СНХ: ДӘУРЕН ТІЛЕУБЕРДИНОВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Осы аптаның соңына қарай асфальт төсеуге жоспарымыз бар. Осы тұрғын үй алаңымызда футбольное поле орналасқан. Балаларға футбол ойнауға ыңғайлы болуына және осы тұрғын үй алаңында балаларға арналған ойын алаңы бар. Өте ыңғайлы тұрғындарға жасалған. Пәтерлер бізде чистовой отделкада толық. Бүкіл санузел бәрі орналасқан. Жалпы бүкіл жағдай жасалған тұрғындарға. Осы айдың соңына дейін толықтай бітіруге атсалысып жатырмыз.
РКС: Көпқабатты тұрғын кешені төрт үйден тұрады. Ауласында қауіпсіздік пен жайлылықтың барлық талапбы ескеріле отырып, балаларға арналған және заманауи спорт алаңдары қарастырылған. Қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аптаның соңына дейін ішкі аула жолдарына асфальт төсеу аяқталады.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ