ДИКТОР: Көкшетауда «Музейдегі түн» атты ауқымды интерактивті акция өтті. Аталған шара облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын жинап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш тарихтың таным тұрғысынан ғана емес, тартымдылық жағынан да керемет көрініс екенін тағы бір дәлелдей түсті.

РКС: Шара барысына орайластырылған әр зал, тірі сахна ретінде жасақталған алаңқай келушілерді өткенге көз жүгіртіп, сол кезеңге бірге саяхат жасауға жетелегендей болды. Қонақтар әр дәуір мен халықтардың бай мәдени мұрасымен танысты.

СНХ: ВЕРОНИКА АНТИПОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Биыл біздің музейдің 105 жылдық мерейтойы. Бүгін әр дәуірді көрсеттік. Тың игеру дәуірі, адамның еңбекке үйрене бастаған тас дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі құрал-жабдықтар қойылған. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығын да назардан тыс қалдырған жоқпыз. Сондықтан бүгін әлем халықтарының әндері шырқалып, ұлттық ойындары ойналады. Бір сөзбен айтқанда музейдегі түн экспонаттар мен мүсіндерге жан бітіреді.

РКС: Тарихи костюмдер байқауы кештің көркін қыздыра түсті. Қатысушылар өткен дәуірлердің, кино кейіпкерлерінің және түрлі этностар өкілдерінің образдарын киіп, қиялдарына ерік берді. Шараға келген қонақтар кешті нағыз карнавалға айналдырды.

БЛИЦ:

- В первую очередь, хочется поздравить музей, с такой датой – 105 лет. У нас хорошо работает информация, мы предлагали, кто в каком придет наряде. И вот наша подруга решила выбрать такой – в стиле «Великий Гэтсби»

- Собственно я не выбирала, потому что у нас есть организатор. Вот она! Она предложила, а мы не отказались.

- Очень давно хотели попробовать эту эпоху на себе. А тут такой момент подвернулся – 105 лет. И я предложила девчонкам, давайте мол сходим?

РКС: Дәл осындай шаралардың арқасында өткенімізге бір сәт көз жүгіртуге болады. Жан-тәніңмен сезінуге де таптырмас мүмкіндік. «Музейдегі түннің» басты ерекшелігі де осында, – дейді мұражай қызметкерлері.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ