ДИКТОР: Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар жылы аясында Атбасар қаласындағы электровоз жөндеу зауытында еңбек ардагерлері марапатталды. Салтанатты шараға барып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Президент Жарлығымен Самира Харбиева «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: САМИРА ХАРБИЕВА, ДҮНГЕН ЭТНОСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Дүнгендер Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда тұрады. Дүнгендер Қытайда исламды уағыздайтын арабтар. Олар сол елдің әйелдеріне үйленген. Сол некеден дүнгендер пайда болды. ХІХ ғасырда көтеріліс болған кезде император арабтарды осы көтерілісті жеңуге шақырды. Арабтар жеңді. Ол үшін император қытайлық әйелдерге үйленуге рұқсат берген. Ата-аналарымыз осында 1973 жылы келді. Біз 2000 жылдан бері осында тұрамыз. Бүгінгі іс-шара Ассамблеяның 30 жылдығына орайластырылған. Бүгін біз мәдениетіміз, тұрмысымыз, сал-дәстүрлеріміз және асханамыз туралы айтқымыз келеді.

РКС: Айтулы іс-шарада «Дүнгендердің республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрайымы Самира Харбиева дүнген этносының салт-дәстүрін және ұлттық тағамдары мен ұлттық киімдерінен шағын көрініс ұсынды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шара барысында Атбасар электровоз жөндеу зауытында 30 жыл жөндеу слесарі болып зейнет жасына шыққан ардагерлеріне Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің атынан Алғыс хат табысталды.

СНХ: РАФИК ФАЙЗИЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Осы зауытта істегеніме бірталай уақыт болды. Цехта жастар көп. Ұжымымыз өте жақсы. Басшылық та жайлы. Бәріне денсаулық, амандық тілеймін. Зейнетке шықтым. Қазір соның рахатын көріп жүрмін.

РКС: Шара шағын концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, сондай-ақ жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы шаралар легі әлі де жалғаса бермек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.