ДИКТОР: Аршалы ауылында Ангелина Копылованы еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Оған 2009-2014 жылдар аралығында туған жасөпірімдер қатысып, әрқайсысы өз өңірінің намысын қорғады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Турнир еліміздің әр өңірінен 380-нен астам боксшының басын қосты. Аршалы ауданынан бұл сайысқа 23 былғары қолғап шебері қатысты. Соның бірі Қанағат Кеңшіліков. Ол 32 келі салмақ дәрежесінде аудан намысын қорғады.
СНХ: ҚАНАҒАТ КЕҢШІЛІКОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен бүгін 1 бой өткіздім. 1 бойда жеңіске жеттім. Мен вес қудым. Қиын болды. Бұл жарысқа өте мықты дайындалмын. Осының арқасында жеңіске жетіп отырмын. Мен Аршалыда бокс басталғанына 3 жыл болды.
РКС: Спортшылар 50 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Қазақстандық боксшылардан бөлек, турнирге Қырғызстан мен Өзбекстанның былғары қолғап шеберлері деп қатысты. Олардың арасында өз елдерінде өткен чемпионаттардың жүлдегерлері де бар.
СНХ: ЖАМШИД КОМИЛЖОНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ӨЗБЕКСТАН): Жасым 16-де, Ташкент облысының чемпионымын, Өзбекстан чемпионытының жүлдегерімін. Жақсы нәтиже көрсетем деп ойлаймын.
СНХ: ХУСНИДДИН МАТКОБИЛОВ, КОМАНДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:/ӨЗБЕКСТАН/: Бұған дейін де Қазақстанға келгенбіз. Турнир жақсы екпінмен басталды. Ұйымдастырушыларға рахмет. Қашан да сіздердің елдеріңізде жарыстар жоғары деңгейде өткізіледі. Қазақстанның боксшылары мықты. Бүгінгі жарысқа 6 қатысушы алып келдік. Барлығына сәттілік тілеймін.
РКС: Ангелина Копылованы еске алуға арналған турнирді жерлестері ұйымдастырды. Ол қашан да ізетті, белсенді болатын. Жергілікті бокс клубына қолдау көрсететін деп еске алады, - жерлестері.
СНХ: ЕРАЛЫ АРҒЫН, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Бәріміз көмектесіп, атсалып жатырмыз. Келесі жылдан бастап бұл турнирда 11-12 жылғы баларға уже КМС присваиваться етіледі.
РКС: Үш күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша жергілікті спортшылар алтын медальдің басым бөлігін еншіледі. Астанадан келген команда жүлделі екінші орынға ие болса, алматылық былғары қолғап шеберлері үздік үштікті түйіндеді.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ