ДИКТОР: Зеренді ауданы әкімін сайлаудың үгіт-насихат кезеңі ресми түрде басталды. Еске сала кетейік, өңірде ауқымды сайлау науқаны жүріп жатыр. Зеренді ауданы әкімін сайлау маусымның 15-інде өтеді. Кандидаттарды тіркеу кезеңі бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Төрт үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Олардың әрқайсысы сайлауалды бағдарламасын ұсынып, сайлаушылармен кездесулер өткізеді. Осы кезеңде кандидаттар үгіт материалдарын орналастыруға, іс-шаралар өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге, жеке және сенімді адамдар арқылы жұртшылықпен кездесуге құқылы.
СНХ: АЛМАТ БАЛТАҒАРИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Осы үгіт-насихат кезеңі кезінде әр кандидат, үміткер өзінің сенімді өкілдерімен немесе теледидар арқылы немесе баспасөз құралдары арқылы өзінің сайлаушыларына бағдарламасын мәлімдеп, өзіне деген сенімін арттыруға жағдай жасайды. Осы үгіт-насихат жүргізу кезеңінде ауданымыздың тұрғындары өздерінің шешімдерін қабылдап, қандай да бір кандидатқа өз дауысын беруге шешім қабылдайтын маңызды кезең болып есептеледі.
ОТВОДКА: Айта кетейік, үгіт-насихат науқаны 14 маусымды қоса алған мерзімге дейін жалғасады. Сайлау күні және оның алдындағы бір күн кез-келген үгіт насихат жүргізуге тыйым салынады.