ДИКТОР: «Оқжетпес» футбол командасы өз алаңында «Ақтөбе» құрамасымен кездесті. Ойын футболдан Қазақстан Премьер-Лигасының 9-шы туры аясында өтті.
РКС: Ойынның алғашқы сәтінен бастап қос команда шабуылда көптеген әрекет жасай бастады. Матчтың 14 минутында алғашқы голды алаң иелері соқты. Айып сызығынан соққы беруде Тимур Досмағамбетов ерекшеленді. Бірінші таймның қосымша уақытында «Ақтөбенің» футболшысы Оралхан Өміртаев баспен гол соқты. Көкшетау командасын қолдауға келген жерлестердің қарасы көп болды.
СНХ: СЕРІК НҰРҒАЛИЕВ, «ОҚЖЕТПЕС» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАНКҮЙЕРІ: Бірінші тайм оң әсер қалдырды. Ойын біркелкі. «Оқжетпес» өзінің артықшылығын көрсетті. Ойын мені қатты қуантты, таң қалдырды деп те айтуға болады. Ауа райы да керемет. Жеңіске жетеміз деп үміттенемін.
РКС: Екінші тайм «Оқжетпес» үшін сәтсіз өтті. Батыс Қазақстан командасының футболшысы Джайро Эстефано Жан ойынның 56 және 65 минутында 2 гол соқты. «Ақтөбе» командасының жанкүйерлері мұндай жетістікке қатты қуанды. Матч қорытындысы бойынша «Ақтөбе» «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңді.
СНХ: АНДРЕЙ ФЕРАПОНТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Өте қызықты және мазмұнды матч. Екі команданың да гол соғу сәттері болды. «Ақтөбені» жеңіспен құттықтаймын. Қазір команданың қандай ауыр кестеде ойнағанын, 7-8 күн ішінде үшінші матч ойнайтынын түсініп отырмыз. Бірінші таймда және ойын барысында қарқынды ойынды сақтауға тырыстық. Бірақ, өкінішке орай, біршама қателесіп, жеңіліп қалдық. Футболшыларымыз да көптеген гол соғу сәттерін жасады.
РКС: Ойын қорытындысы бойынша «Ақтөбе» командасы Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде бірінші орынға көтерілсе, «Оқжетпес» 7 орынға түсіп қалды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.