ДИКТОР: Аршалы ауданында егін шаруашылығымен 270-ке жуық шаруа қожалығы айналысады. Соның бірі қазір дала жұмыстары қызу жүріп жатқан «Ақбұлақ-Агро» серіктестігі.

РКС: "Ақбұлақ-Агро" серіктестігінің көлемі 600 гектарға жуық алқапты алады. Қазір мұнда бір ауысымда 4 механизатор еңбек етуде. Олар бидай дәнін сіңіруде.

СНХ: КИРИЛЛ БАКУЛИН, МЕХАНИЗАТОР: Мұнда 2018 жылдан бері еңбек етіп келемін. қазір екі ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз. бір ауысым таңғы сағат 7-ден, кешкі 7-ге дейін. Екіншісі кешкі сағат 7-ден таңғы сағат 7-ге дейін. Техника жақсы жұмыс істеп тұр. Еңбек етуге жағдай жасалған.

РКС: 2012 жылы қараусыз қалған шаруашылыққа жаңа басшылық келді. Ол кезде жердің өңделмегеніне бес жылдан асқан. Сот арқылы кәсіпорын жаңа меншік иесіне берілді. Осылайша «Ақбұлақ-Агро» серіктестігінің жұмысы басталды. Бүгінде диқандар 14 мың гектар жерге астық егуде. Оның 7 мыңы егістік алқап. Негізінен бидай мен арпа егеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл серіктестік те мемлекеттік қолдауды сезініп отыр. Жыл сайын арзандатылған дизель отынын алады. Ал биыл алғаш рет «Кең дала-2» бағдарламасын пайдаланып, жылдық 5,5 процентпен 400 миллион теңге несие алды. «ҚазАгроҚаржы» мекемесі арқылы техника да жаңарды.

СНХ: АЛТЫНБЕК ТОҚБАЕВ, СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: «ҚазАгроҚаржы» мекемесі арқылы несие аламыз. Талаптары жақсы, Инвестициядан 25 процент қайтарым келеді. 2 жыл бұрын бастапқы жарна төлеу керек болатын. Былтырдан бастапқы жарнасыз техника алдық. Өте ыңғайлы.

РКС: Серіктестікте 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Орташа жылдық жалақы шамамен 270-280 мың теңгені құраса, егін егу кезінде механизаторлар 900 мың теңгеге дейін, ал орақ науқанында екі миллион теңгеге жуық жалақы алады. Шаруашылық мал өсірумен де айналысады – бүгінде 200-ге жуық ірі қара бар.

ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС САДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ