ДИКТОР: Бүгін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 70 жылдығына орай «Ақаннан әуелеген әсем ән» атты дәстүрлі әншілер байқауы ұйымдастырылды. Қазақ халқының дәстүрлі ән өнерін насихаттауды, сондай-ақ жастарды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеуді көздейтін шараға барып келген тілші баяндасын.

РКС: Байқауға еліміздің әр өңірінен келген жас таланттар қатысып, Ақан сері мен халық композиторларының танымал әндерін орындады. Ақмола, Павлодар, Ұлытау, Алматы, Қарағанды облыстарынан және Астана қаласынан келген 36 қатысушы үш санат бойынша өнер көрсетті.

СНХ: САЯН МҰХАМЕДИЯР, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі байқауымыз негізінен алтыншы рет дәстүрлі түрде өтіп жатыр. Бұл жерде енді біз үш жас ерекшелігінен, бірінші 14-16 жасар, Одан кейін колледж оқушыларын екі топқа бөлдік. Бірінші, екінші курстар, және үшінші, төртінші курстар. Еліміздің түкпір-түкпірінен осы дүбірлі додаға балаларымыз келіп қалды. Барлығына сәттілік тілейміз. Жүйрік озсын деп айтқым келеді.

РКС: Байқаудың ашылуында қатысушылардың орындау кезегін анықтау үшін жеребе тартылды. Алғашқы болып өнер көрсеткен Нұрғиса Елешұлы Бұланды ауданынан келген. Бұл оның республикалық байқауларға қатысуындағы алғашқы тәжірибесі емес.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НҰРҒИСА ЕЛЕШҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (БҰЛАНДЫ): Бүгін "Ақаннан әуелеген әсем ән" атты республикалық сайысқа келдік. Мен мектеп оқушылары бағытындамын. Бүгін осы сайысқа Балауан Шолақтың елінен келгесін, Балуан Шолақтың "Ғалия" деген әнін және Ақан серінің "Қараторғай" деген әнін алып келдім. Дайындығымыз жаман емес. Ешқандай қорқыныш жоқ. Осы сайысқа дейін де, көптеген Республикалық сайыстарда болғанмын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін

РКС: Ертең байқаудың қорытынды кезеңін айшықтайтын гала-концерт өтеді. Сол тұста жеңімпаздар анықталып, үздіктер марапатталады. Бұл байқау қазақ халқының дәстүрлі өнеріне деген сүйіспеншілікті арттырып, жас таланттардың дамуына зор ықпал етпек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ