ДИКТОР: Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының мүшелерімен кездесті. Шара барысында қоғам дамуына үлес қосып жүрген белсенділерді марапаттады. Бас қосуда қоғам белсенділерінің атқарып жатқан еңбегіне оң баға беріліп, қоғам игілігіндегі тынымсыз еңбектерінің зор екені атап өтілді. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сондай-ақ қоғамның мәдени дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірлестік мүшелері мен төрағаларының тұтастай ел бірлігін нығайту мен сақтаудағы еңбектерінің зор екені айтылды. Кездесу барысында мемлекет саясатын іске асыруда белсенділік танытып келе жатқандарға ерекше қошемет көрсетілді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі енді мынау халықаралық Ассамблеялар жылының 30 жылдығы ғой. Осы күнге жетудің өзі халқымыздың бірлігінде. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болса екен.Еліміз көркейе берсін, көк туымыз желбірей берсін.

СНХ: РАЙХАН ЫДЫРЫСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қоғамдық жұмыстағы істеп жатқан еңбегімді бағалап, осындай марапат медальмен Ассамблеяның 30 жылдығына ұсынған қызметшілерге көп-көп рахмет айтамын. Бүгінгі осы марапат ең алғашқы марапатым. Сондықтан өте қуаныштымын. Бірлік пен келісім әрқашан біздің елімізде бола берсін. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

РКС: Ассамблея бірегей институт ретінде еліміздегі барлық этнос өкілін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған бұл жобаның аясы жыл озған сайын кеңеюде.

СНХ:ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Мерейлі мереке Ассамблеяның 30 жылдығына қарсы осындай медаль алып отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл әкелер қоғамы одағы, Дауыс коалициясы қоғамының жетістігі, халықаралық қазақ тілі қоғамының жетістігі. Мынау келе жатқан мерекелер құтты болсын. Елімізде тыныштық болсын. Барлық жанұяға жақсылықты тілеймін.

РКС: Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін шешуде мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт. Отыз жыл ішінде Ассамблея дамудың даңғыл жолында. Айта кетейік, елімізде этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасып, бірлік пен татулық бейбітшілік салтанат құруда.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ