ДИКТОР: Біржан сал ауданында Шәймерден Қосшығұловтың 150 жылдығына арналған асық ату мен бес асықтан «Алтын сақа» өңірлік турнирі ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары арасындағы сайыс қоғам қайраткерінің есімімен аталатын Қоғам ауылындағы білім ошағында өтті. Бес асық пен асық ату сайысына ауданның 8 мектебінен 50-ге тарта оқушы қатысты. Қоғам орта мектебінің командасы турнир жеңімпазы атанды. Мақпал орта мектебінің оқушылары күміс жүлдені еншілесе, Сәуле мен Макинка мектептерінің шәкірттері үшінші орынды өзара бөлісті. Сайыстың жеңіспаздары Грамоталармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.