ДИКТОР: Степногорск қаласында 2009-2010 жылдары туған жасөспірім боксшылар арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Камашовты еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті. Осымен тоғызыншы мәрте өткен байрақты бәсекеге еліміздің бірнеше өңірінен және Тәжікстаннан спортшылар келіп күш сынасты.

РКС: Сандықтау ауданындағы шағын ғана кеншілер кенті – Шантөбеде туып-өскен Нұржан Кәрімжанов 9 жасында бокс бапкері Владимир Камашовқа келіп былғары қолғап киді. Жаттығуды босатпай, аянбай маңдай терді төккен Нұржан бірден бапкерінің сенімді шәкіртіне айналды. Санаулы жылдарда жеңілдеу салмақта облыс, республика чемпионы атанды. Талай халықаралық жарыстарда топ жарды. Кешегі тоқырау тұсында матриалдық-техникалық базасы әлсіз Шаңтөбе кентінен бапкері Владимир Камашовпен бірге Целиноград қаласына қоныс аударды. Міне, осы кезеңнен Нұржан Кәрімжановтың үлкен спортқа сара жолы басталды. Сол уақыттағы Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері - Тұрсынғали Еділов Нұржанды сан алуан жарыстарға апарды. Жерлесіміз орта жеңіл салмақта Сидней және Афины Олимпиадаларында Қазақстан намысын лайықты қорғады. «Бұл жетістік жеке бапкерім – Владимир Камашовтың тынымсыз еңбегінің арқасы», - дейді шәкірті.

СНХ: НҰРЖАН КӘРІМЖАНОВ, БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ: Владимир Романович сонау тоқырау жылдары өз қааражатына оқу-жаттығу жиындарына үзбей апарып тұрды. Ол менен Олимпиада Чемпионы болады деген үмітте болды, үмітін үзбеді. Бапкерімінің төрт қызы бар еді, мені «ұлым» деп атайтын.оны мен де әкемдей көрдім. Марқұм әкеммен жиі араласып тұрды. Ол «ұлымды саған сеніп тапсырдым» деуші еді. Бапкерімнің ерен еңбегін ешқашан ұмытпаймын.

РКС: Владимир Камашовқа арналған жасөспірім боксшылар турнирі спорттың осынау қиын да қызықтьы түрінің қанат жаюына ықпал етеді. Осы жарыста жеңіске жеткен талай жасөспірім қазіргі таңда Ұлттық құраманың сапында сынға түсіп жүр.

ИНТЕРШУМ:

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Финалға ең мықтылар шықты.

РКС: Ақтық сында шаршы алаңға шыққан он бес жұп боксшының осалы жоқ. Әрине, күштілері мен мықтылары жүлдегер және жеңімпаз атанды.

СНХ: УӘЛИХАН РАМАЗАНОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ (ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ):

РКС: Екі Олимпиадаға қатысқан бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұржан Кәрімжанов және өзге де шаршы алаң шеберлерін қанаттандырған білікті бапкер Владимир Камашовтың есімі ешқашан ұмытылмайды.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ СПОРТ