ДИКТОР: Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Атаулы датаға орай облыстық жастар ресурстық орталығы экологиялық акция ұйымдастырды. 30-ға тарта волонтер қаладағы бірнеше ескерткіштің маңайын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Экологиялық акцияға рухты жастар бір кісідей атсалысты. Айта кетейік, дәл осындай шара облыстың барлық ауданында өтті.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Дәл қазіргі уақытта бұл акциядан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы, «Таза жағалау» акциялары да қолға алынуда. Жалпы волонтер үшін әрине өзіміздің туып-өскен өлкемізді, өзіміздің жерімізді қоқыстан тазалау, өзіміздің мәдени мұраламызды сақтау және де өскелең ұрпаққа оның мән-маңыздылығын жеткізу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

РКС: Акция аясында Шоқан Уәлиханов және Мәлік Ғабдуллин ескерткіштерінің маңайы қоқыстан тазартылды. Экологиялық шараға жиналған жастар туған өлкені таза ұстауға жүрегі елім деп соққан әр азамат бастамашы болуы тиіс деп санайды. Игі іске қатысқандардың бірі Жансая Дәуренбек те осы пікірде.

СНХ ЖАНСАЯ ДӘУРЕНБЕК, ВОЛОНТЕР: Тазалық ең алдымен өзімізден басталады. Жалпы қаламыздың көркем болуына ең алдымен өзіміз себепкер болуымыз керек деп ойлаймын.

РКС: Бүгінгі шара ең алдымен жастарды Отаншылдыққа жетелесе, екіншіден экологияның жақсаруына үлес қосуға тәрбиелейтіні сөзсіз.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ