ДИКТОР: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті электронды казиноның сілтемелері бар сайттарды бұғаттау үшін интернет-кеңістікте мониторинг жүргізуді биыл да жалғастыруда.

РКС: Былтыр жүргізілген мониторинг интернет желісінде 1500-ге жуық заңсыз сілтеме орнатылғанын анықтады. Оны бұғаттау үшін сілтемелер «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне жіберілді. Оның 219-ы казиноны жарнамалап келген.

СНХ: АЛМАС БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы өткен жылдың 8-ші шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, оған сәйкес құмар ойындарға қатысуға тыйым салынатын адамдардың тізімі кеңейтілді. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдарға шектеулер қойылды. Осындай заңсыздықтарға барғандар теріс қылық көрсеткені үшін лауазымынан босату қарастырылған.

РКС: Былтыр «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне 1472 сілтеме түсті. Оның 416-ы қаржылық пирамиданы, 806-ы интернет казиноны, 31-і жалған криптовалютаны жарнамалайтын сілтеме.

СНХ: АЛМАС БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Былтыр шілде айында департамент қылмыстық істі аяқтап, Көкшетау қалалық сотына жіберді. Екі азаматқа қатысты жасырын казиноны ұйымдастыру фактісі бойынша сот үкімі заңды күшіне енді. Олар Көкшетау қаласының аумағында покер ережелері бойынша құмар ойындар ұйымдастырып, өткізген. Олар қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 307-бабының екінші бөлігі бойынша сотталды. Бұл бапқа сәйкес заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты айыппұлмен не түзеу жұмыстарымен немесе қоғамдық жұмыстармен, сондай-ақ мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

РКС: Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша сотталғандардың заңсыз жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, сәйкесінше 2 және 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бұрын заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар тұлғаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ