ДИКТОР: Көкшетауда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 30 жоба жүзеге асырылмақ. Өтінімдерді қабылдау Көкшетау қаласы әкімдігінің ресми сайтында жүргізілді. Бағдарламаға қатысу үшін қала тұрғындары үй маңындағы аумақтарды дамыту мен абаттандыруға қатысты өз жобаларын ұсынды.

РКС: Қаңтардың 20-сы мен наурыздың 1-і аралығында 119 өтінім келіп түскен. Әр тұрғын бір ғана ұсынысқа дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Бастаманы жүзеге асыру үшін ұсыныс кемінде 100 дауыс жинауы қажет еді.

СНХ: МАХАББАТ САМРАТ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Барлық ұсыныстар белгіленген критерийлерге сәйкес келуі тиіс болатын. Құрамына қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткері кірген Эксперттік кеңес 119 өтінімді қарады. Олардың 92-сі дауыс беруге жіберіліп, 27-сі бос жер телімінін болмауы немесе басқа критерийлерге сейкес келмеуі себепті қабылданбады.

РКС: Сараптамалық кеңестің шешімімен 92 жоба дауыс беруге жіберілді. 71 жоба шекті балл жинағанымен, биыл олардың тек 30-ы ғана жүзеге асырылмақ.

СНХ: МАХАББАТ САМРАТ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Қалалық «Халық қатысатын бюджет» жобасын қаржыландырудың жалпы көлемі қала бюджетінің жылдық шығындарының көлемінен 10% кем емес болу керек. Яғни, биыл ол 550 млн. теңгені кұрайды. Осыған байланысты биылғы жылы барлық жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмай отыр. Сондықтан сараптай келе, барлық шағын аудандарын қамти отырып, 30 жоба іріктелді. Оның ішінде 24 балалар ойын алаңы мен 6 спорт алаңы таңдалды. Қалған жобалар 2026 жылы жүзеге асырылатын болады.

РКС: Айта кетейік, былтыр бұл бағдарлама аясында шаһарда 19 жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде балаларға арналған 12 ойын және 7 спорт алаңы салынды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ