ДИКТОР: Көкшетауда көрнекті әдебиетші ғалым, қоғам қайраткері Нарбай Сафиянұлы Ыбыраев тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Бұл шара ұлағатты ұстаздың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Нарбай Сафиянұлы қазіргі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, қазақ филологиясы факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, қазақ әдебиеттану ғылымына сүбелі үлес қосты. Көзі тірісінде 30 жылдан артық тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Оның салтанатты ашылуына ғалымның ұрпақтары, бауырлары, әріптестері мен шәкірттері қатысты.

 СНХ: ТЕҢБАЙ ЫБЫРАЕВ, ІНІСІ: Ол кісі өзі жасынан өте салмақты, бізден ерекше болды. Білімге ұмтылысы күшті болды. Мектепті жақсы оқыды. сөйтіп жүріп Алматыға ҚазГУ-ге оқуға түсті. Соны жақсы бітіріп, осында институтта жұмыс істеді. Білім кандидаты болып, соны қорғады. Біз үшін үлкен мақтаныш, біздің әулетіміздің кейінгі жастарына үлгі болды.

СНХ: МҰХТАР ЫБЫРАЕВ, ҰЛЫ: Көп оқытушылар ол кісімен бірге істеген осы келіп жатыр. Бүгін ескерткіш ашып жатырмыз, өте қуаныштымыз. Мына университет басшыларына көп рахмет.

РКС: Бұл ескерткішті орнатуға өзі жұмыс істеген университеттің ұжымы ұсыныс білдірген. "Ғалымның өмір жолы мен еңбегі - білім мен ғылымға адалдықтың үлгісі"- дейді әріптестері. Оның есімі енді өзі тұрған үйдің қабырғасында алтын әріптермен жазылып қалды.

СНХ: АМАНЖОЛ ЕСМАҒҰЛОВ, ӘРІПТЕСІ: Нарекең біздің пед.институт ашылғанда алғашқы ұстаздардың бірі болатын. Ол кісі ҚазГУ-ді аяқтар кезінде мен жұмысты бастағанмын. Биыл міне 65 жыл болады. Сол кезде танысқанбыз. Менің ғылым жолына баруыма сол кісі басшылық етті. Қазақ филологиясын, қазақ бөлімін бітірген балалардың ұстазы, негізі әдебиетті бірінші бастап берген сол Нарекең, одан кейін мен жалғастырдым.

РКС: Бұл мемориалдық тақта - өткенге құрмет, болашаққа аманат. Ғалымның есімі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ