ДИКТОР: Облыстық аумақтық қорғаныстың әскерилері Атбасар мен Жарқайың аудандарда су тасқынына қарсы жұмыстарға зор үлес қосты. Олар кеше Көкшетауға оралды. Осыған орай бүгінгі күннің батырларын жергілікті билік өкілдері мен аумақтық қорғаныс басшылығы салтанатты түрде қарсы алды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Облыстық аумақтық қорғаныс жеке құрамының 30 әскери қызметшісі су басу қаупі бар аумақтарда тәулік бойы жұмыс істеді. Бір ай бойы тұрғындарға көмектесіп, алдарына қойылған міндетті абыроймен орындап қайтты.
СНХ: РИНАТ ІЛИЯСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫ ШТАБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: 50 мыңнан астам қап инертті материалмен толтырылды. Су басу қаупі басым үйлердің аумағы сонымен қоршалды. Ұзындығы 1700 метрден астам бөгеттер де нығайтылды. Жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. 12-ден астам отбасы, оның ішінде 20-ға жуық бала, сондай-ақ 40-тан астам ірі қара және 30-дай ұсақ мал мен 20-ға жуық үй жануары да қауіпсіз жерге көшірілді. Ақмола облысының аумақтық қорғаныс бригадасы қойылған міндеттерді орындай алды деп санаймын.
СНХ: МАҚСАТ РАЙЫМБЕКОВ, АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ: Өзіміздің жеке құрамымен су тасқынына байланысты Атбасар қаласында жұмыстар атқардық. Атбасар қаласында және бес ауылдық округтерінде болдық. Және Державинск қаласында жұмыс атқарып, өз міндетімізді аса биік деңгейде көрсетіп, оралдық. Бөгетті нығайту жұмыстары, мешокты толтыру. Атбасар қаласының өзен бойындағы тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар жан-жануарларды құтқару жұмыстары атқарылды.
РКС: Осылайша бейбіт күннің батырлары үйлеріне абыроймен оралды. Басшылық оларға ерлігі мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді. Әскери қызметшілерді ұлттық дәстүрмен қарсы алып, ән мен жырдан шашу шашылды.
ИНТЕРШУМ:
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ