ДИКТОР: "Ақмола алыптары" жобасы аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірге кеңінен танымал Әли әулетіне арналған "Аңыз әулет" атты тағылымды шара өтті.

РКС: Шара барысында көпшілікке әулеттің өмір жолы мен өнегелі істері таныстырылды. Әли әулеті - Көкше жұртшылығына кеңінен танымал, өзінен небір жақсы-жайсаңдарды түлеткен отбасы ретінде зор құрметке ие.

СНХ: ШИЯП ӘЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Құдайға шүкір, Әли атамыздан 4 ұл, 1 қыз болған. Одан тараған балалары, немере-шөберелері әртүрлі салада, әр жұмыста істейді. Бәрі абыройлы, жамандығын біреуінің көрген жоқпын. Әли әулеті өзі Орта жүздің ішіндегі Қарауыл, оның ішінде Шотан. Сол Рүстембай атамыздың балалары қызығын көрдік, сол тұқымнан шыққанымызға. Сол ұрпақтың жалғасы болғанымызға мақтанамыз. Бүкіл ел мақтанатын атамызбен, Науан Хазірет шыққан сол атамыздан.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: "Аңыз әулет" жобасының негізгі мақсаты мына халыққа жастарға үлгі ететін, өнеге ететін әулеттер бар бізде, осы Көкше елінің дамуында Батырхановтардың әулеті, Әуелбековтер әулеті дейміз, Ыдырысовтар әулеті дейміз. Солардың бірі мына Әлиевтер әулеті. Бұл әулеттен шыққан бүгінгі күні біз білетін Әлиев Шияп Көкшетау ардагерлерінің төрағасы. Үлкен еңбегі сіңген ардагер. Осы әулеттен Асқар Әлиев бүкіл көкшеліктер біледі. Қазір біздің минералды суларды барлық Қазақстан біледі, тіпті шетелге шығып жатыр. Біздің мақтанышымыз, брендіміз. Сондай әулетті үлгі еткіміз келеді.

РКС: Кеш барысында дәстүрлі әндер орындалып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Қазақтың халық әндерінен сусындаған қонақтар әсерлі көңіл күйде тарқасты.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ