ДИКТОР: Еліміз бойынша алғашқы үш жолақты реверсивті жол – Ақмола облысындағы Көкшетау-Зеренді бағытында салынбақ. Курортты аймаққа апаратын жолды кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

РКС: Көкшетау-Зеренді бағытындағы жолды орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Бүгінде оның 47 шақырымын кеңейту жұмыстары жүіп жатыр. Жоба құны – 4,6 миллиард теңге.

STAND-UP: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Көкшетау-Зеренді бағытындағы бұл жол 7 метрден 11 метрге дейін кеңейтілмек. Оның бір жолағы реверсивті болады. Бұл Зеренді курортты аймағына бағытталған көліктер легінің артуына өз септігін тигізеді.

РКС: Мердігер компанияның өкілі жолды жөндеуге қажет материалдардың барлығы дайын болғандықтан, жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтаймыз,- деп отыр.

СНХ: РУСТАМ БАДАЛЯН, «КӨКШЕТАУ АВТОДОР» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Қазір біз жолды кеңейтуді қолға алдық. Топырақты сырып, қиыршық тас төсейміз. Сөйтіп, жолдың бетін нығайтып, бекітетін боламыз. Курортты аймақ болғандықтан, көлік легі көп. Сондықтан жұмыстарды сапалы орындауға тырысып жатырмыз.

РКС: Биыл Ақмола облысында жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 109 миллиард теңге бөлінбек. Оған 800 шақырымнан астам жолды жаңарту жоспарланған. Жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар тасжолдармен қатар, елді мекендердегі көшелер мен жолдарды да қамтиды.

СНХ: ТӨЛЕГЕН АБДУЛЛИН, ҚР КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 7 мың шақырым орташа жөндеу жұмыстары биыл жоспарлануда. Соның ішінде осы участок, осы объект Көкшетау-Зеренді 47 шақырым. Ол алғаш рет бірінші рет ҚР жолдарын реверсивное движение деп аталады.

РКС: Биыл сондай-ақ, елорда мен батыс өңірлер арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жақсартатын республикалық жаңа автожолдың құрылысы басталады. Жолдың Ақмола облысы аумағындағы ұзындығы 300 шақырымды құрайды және өңірдің 5 ауданын басып өтеді.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ