ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіптік кешеннің мол мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, нақты нәтижелерге қол жеткізу қашан да маңызды екенін айтты. Ақмола –аграрлы аймақ. Еліміз бойынша астықтың үштен бірі дәл осы өңірде өндіріледі. Көктемгі дала жұмыстарына санаулы ғана уақыт қалды. Қазір оған дайындық қыза түскен. Көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты тағы бір пысықтау үшін өңір шаруалары Көкшетауға жиылды. Аграрлық кеңес барысында өңірдің агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағыттары талқыланды.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Агрокеңес аясында ауыл шаруашылығы техникасы, дәнді дақыл тұқымдары, тыңайтқыштар мен егіншілік технологиялар агрокөрмесі ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Агрокеңесте аймақ басшысы Марат Ахметжанов Ақмола облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отырғанын атап өтті. Сондықтан көктемгі егіс науқанына дайындықты уақытылы әрі үйлесімді ұйымдастыру маңызды. Ал ол үшін мемлекет тарапынан шаруаларға барлық жағдай жасалған- деді.
СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл тарихта болмаған қомақты қаржы бөлініп отыр. Ең бастысы осы берілген қаражатты, тиімді пайдалану, халықтың игілігі үшін. Сосын бұның нәтижесі болу керек. Бұл енді 5 пайыз жеңілдетілген несиені Мемлекет басшысының қолдауымен, тікелей тапсырмасымен осы ауыл шаруашылығына құйылып жатыр. Сондықтан осы 10 жыл ішінде жетістікке жетеміз деген – ол бос сөз емес. Сақтау мәселесі, сату мәселесі, терең өңдеу мәселесі , одан келетін қосымша құн - осында қалу керек елдің игілігіне , қосымша тұрақты жұмыс орын болып, біздің облысқа кіретін салық ретінде , халықтың әл-ауқатын көтеретін жағдайға айналу керек. Сондықтан бұл зор үмітпен беріліп жатқан қаражат.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Кеңес барысында субсидиялау, арзандатылған жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, минералды тыңайтқыштармен жабдықтау және техника лизингіне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Агрожиынға қатысқан ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов «Кең дала», «Кең дала 2» бағдарламалары аясында қаржыландыру мүмкіндіктері жайлы баяндады.
СНХ: АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бүгінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан жоспарланған 32 миллиард теңге толық игеріліп, шаруаларға берілді. Биыл «Даму» қоры арқылы берілетін соманың 80 процентіне дейін кепілддендіру жұмысы жалғаспақ. Аталған бағдарлама мен қор тарапынан көрсетілетін қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кепілінің жоқтығын немесе жеткіліксіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл кепілдік тегін, өйткені ол мемлекет тарапынан субсидияланады. Мемлекеттік қолдаудың тағы бір құралы – жеңілдетілген лизинг. Егер былтыр бұл бағытқа 120 миллиард теңге бөлінсе, биыл 200 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылып, жылдық мөлшерлемесі 5 процентпен берілуде. Бүгіндері аталған бағдарлама аясында өтінім көп келуде. Тек Ақмола облысының өзінде 12,8 миллиард теңгеге өтінім түсті. Оны қабылдауды біз ақпан айында бастадық.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Агрокеңес барысында сараптамалық ұсыныстар айтылып, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің заманауи агротехнологиялары мен озық әдістері де сараланды. Жарқайың ауданынан келген, ауыл шаруашылығы саласында 46 жылдық тәжірибесі бар «Жер-1» серіктестігінің бас агрономы Светлана Орехова көктемгі егіс науқанына дайындыққа қатысты тәжірибесімен бөлісіп, дәнді дақылдардың селекциясы мен тұқым шаруашылығы мәселелерін қозғады.
СНХ: СВЕТЛАНА ОРЕХОВА, «ЖЕР-1» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС АГРОНОМЫ: Қазір агрономиялық кеңес көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін белсенді жұмыс атқаруда. Жыл басталысымен «Кең Дала» бағдарламасы аясында едәуір мемлекеттік қолдауға ие болдық. 1-ші ақпаннан бастап тұқымдарға субсидия беру басталды. Көптеген тауар өндірушілер, олардың қатарында біз де тұқым сатып алдық. Бұған қоса, биыл дизель отыны мен жанар-жағармайды да ерте алдық. Қазір пестицидтерді алып, қоймаларды желдетіп, дайындап жатырмыз. Алдағы күндері тұқымдарды егістік алқаптарына шығара бастаймыз. Жалпы, көктемгі дала жұмыстарына тыңғылықты дайындық үстіндеміз.
STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Агрокеңес соңында аймақ басшысы Марат Ахметжанов аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма жүктеді. Атап айтқанда, ылғалды төмендету жұмыстарын уақтыылы жүргізуді, минералды тыңайтқыштар сатып алу жоспарын жеделдету, ауыл шаруашылығы техникаларын толық дайындау мен арзандатылған дизель отынын жеткізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ элиталық тұқым сатып алу жұмыстарын жандандырып, сорттарын жаңартуды да міндеттеді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ