ДИКТОР: Астрахан ауданында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұн және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері» атты семинар-практикум өтті. Семинарда мұғалімдерге жаңартылған бағдарламаның мазмұны таныстырылып, оны іске асырудағы тиімді әдіс-тәсілдер жайлы айтылды.
РКС: Қазір мектеп пен ата-ана арасында ашық пікір алмасу үрдісі қалыптасты. Әр құндылық негізінде мектеп аясында ата-анамен бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде. Аталған бағдарлама аясында ұлттық ойын мен дәстүр де дәріптеледі. Ең бастысы «Біртұтас тәрбие» үлкендердің бала тәрбиесіне белсене араласуына мүмкіндік жасады дейді,-ұстаздар. Аталған шарада Астрахан ауданы бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер пысықталды. Бағдарламаның ұрпақ тәрбиесіне, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеуде алатын орны ерекше екені де айтылды.
СНХ: ПОЛИНА БАРАХОЕВА, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Аудан бойынша «Біртұтас тәрбие" бағдарламасына 3,5 мыңнан астам оқушы, 700-ге тарта педагог қатысады. Мұғалімдер мен оқушылардан басқа бағдарламаға ата-аналар да зор үлес қосып келеді. Аудан бойынша барлық мектепте "Даналық мектебі" құрылған. Оған оқушылардың ата-әжелері,әкелері, аналары белсенділік танытып отыр.
РКС: Ұлттық құндылықты жас ұрпаққа дәріптеуге арналған семинар барысында ұстаздар тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар осы лектегі іс-шаралар мектеп жасындағы балалардың дәстүрді құрметтеп, оның ұмыт қалмауына септігін тигізеді,-дейді. Бүгінгі таңда қыз балалар аталған бағдарлама аясында ұмыт бола бастаған өнер туындысын өз қолдарымен жасап ұсынып отыр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ДӘНЕКЕР ҚОЛҒАНАТҚЫЗЫ, ӨНДІРІС ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің мектебімізде аудандық семинар өтті. Бұл семинар «Біртұтас тәрбие» бойынша ұйымдастырылған. Шара аясында көптеген тәжірибе алмасулар болып өтті. Көптеген мастер-кластар өткізілді. Осы құндылықтарымызды ары қарай бала бойына сіңіруге бар күшімізді саламыз деп ойлаймын.
РКС: Айта кетейік, былтырғы оқу жылынан бастау алған тәрбие бағдарламасы негізгі құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, саналы ұрпақтың қалыптасуына да зор септігін тигізіп отыр. Әр құндылық жүйелі түрде оқу процесімен қатар іске асырылып келеді. Семинар барысында педагогтер мен оқушылар жұмыстарының көрмесі, шеберлік сағаттары көрсетілді. Сонымен қатар тәжірибе алмасу бойынша есеп беріліп, соңында семнарда белсенділік танытқандар марапатталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ