ДИКТОР: Енді аудан, қала әкімдері де тағайындалмайды, сайланады. Еліміздегі сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес енді аудан, қала әкімдерін де халық өзі сайлайды. Ақмола облысы бойынша 239 әкім бар. Кейбірінің мерзімі біткен, кей әкімдер өзге себептерге байланысты орындары босап, жыл басынан бері 67 әкім жаңадан сайланған. Мамыр айында тағы 15 әкімді халық таңдамақ.

РКС: Әкім төрт жылдық мерзімге сайланады. 25 жасқа толған Қазақстан азаматы кандидат ретінде тіркеле алады. Ал дауыс берушілер сол әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын, 18 жасқа толған Қазақстан азаматы болуы шарт. Ал реформаның негізгі мақсаты ашықтық пен есептілік. Тікелей сайлау арқылы әкім болған азаматтар халыққа есеп береді. Азаматтардың жергілікті басшылықты таңдауға тікелей қатысуы халық сенімін және бәсекелестікті арттырады.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Енді Конституциялық заңдарға байланысты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлаймыз. Мысалы біздің облыста 3 қала әкімі болса Көкшетау, Степногор, Қосшы және 17 аудан әкімі, олар қызметтен кеткен жағдайда біз сайлау өткіземіз. Оларды халық сайлайды. Бұл өте үлкен өзгеріс, 5 аудан әкімін пилоттық режимде сайлаған болатынбыз. Биыл біз республика бойынша сайлау өткіземіз. Қай аудан босайды, 50 күннің ішінде сайлау өткізуіміз керек. Сол әкімді сол ауданның тұрғындары сайлайды.

РКС: Халықтың кандидат туралы жан-жақты ақпараттандырылуы маңызды. Азаматтар өз құқықтары мен міндеттерін білуі шарт. Іске мығым, сөзіне берік кандидатты таңдау халықтың өз қолында.

СНХ: МАНАРБЕК СӘДУОВ, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сайлау болады дегеннен халыққа жеткізуіміз керек. ол біздің міндетіміз, әрбір сайлаушының үйіне барып, шақыру қағазын беру. әкімге үміткер кандидаттар болады ғой, соларды айтамыз. қай участокта болатнын айту біздің міндетіміз.

РКС: 2021 жылы 4 жылға сайланған әкімдердің биыл қызметтегі мерзімі аяқталып жатыр. Соған сәйкес жыл басынан бері халық 67 ауыл әкімін сайлаған. Мамыр айында тағы 15 ауыл әкімін халық таңдайды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ