ДИКТОР: Ақмола облысында «Оқитын мектеп-оқитын ұлт» жобасы бесінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама оқушылар арасында кітап оқуға құмарлықты арттыруға бағытталған. Сонымен бірге жастайынан оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Облыс мектептерінде 500-ге жуық кітапхана бар. Білім ошақтарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 24 мың данадан астам көркем әдебиет сатып алынды.
РКС: Ақмола облысы мектептерінде «Оқуға кеңес беремін» онлайн-шолулар, тақырыптық әдебиеттердің ұсынымдық тізімдері түзілуде. Произведения проекта «100 кітап» жобасының туындылары мобильді көрменің QR-коды арқылы оқырманға ұсынылған.
СНХ: МАРИНА ЛИ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Жыл сайын біздің басқарма аудандық білім бөлімімен бірлесіп кітап қорын толықтырып отырады. Оқулықтардан бөлек көркем әдебиет тізімі де жаңартылады. Ондағы мақсат балалар оқитын әдебиетті түрлендіріп отыру. Барлық мектепте коворкин орталық бар. Оқушылар бос уақытынла сол жерге келіп кітап оқуына болады. Цифрлық құрылғылар арқылы да кітап оқуға қызықтырып жатырмыз. Кітапхана аймағында QR кодтар бар. Балалар үшін бук трейлерлер ұйымдастырылған. Оның көмегімен өзін қызықтырған кітапты таңдай алады.
РКС: Красный Ярдағы көпсалалы 3-ші мектеп-гимназияның кітапханасы 4 секцияға бөлінген. Оның екеуі жекелеген оқырмандарға арналған. Ал енді бірі балалар үшін жарақтандырылса, соңғысы жалпы оқырманға тиесілі. Оған бір мезетте 35 адамға дейін келе алады.
СНХ: ШЫНАР ОМАРОВА, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ: Балалар осы жерге келіп, өздеріне ұнаған кітабын таңдап оқуына болады. Сондай-ақ оқу залында коворкинг орталығы бар. Ол жерде ересек оқушылар немесе мұғалімдер кіші топпен айналысады. «Алақан» бағдарламасы енгізілген. Сол арқылы балалар керегін алады.
СНХ: РАХАТ ҚАРЖАС, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Біздің мектепте «Оқитын мектеп» жобасы өтіп жатыр. Оны негізінен кітапханада Шынар апай жүргізеді. Мұнда сынып сағаттары ұйымдастырылады, кітап оқимыз, содан кейін ойындар ойнаймыз. Біз дөңгелек үстел басына жиналып, кітаптардың мазмұнын талқылаймыз, ақындар мен кейіпкерлерге талдау жасаймыз. Мен өзім көп кітап оқимын, ал өлеңдер маған ерекше ұнайды.
РКС: Облыстың 435 мектебінде коворкинг орталығы жұмыс істеп тұр. Кітапхана контентінің есебін жеңілдетуге және жүйелеу үшін автоматтандырылған Марк Скул, КАБИС, Е-кітапхана сынды кітапханалық-ақпараттық жүйе орнатылған. Бұрнағы жылдары облыс мектептерінің кітапханаларын компьютерлік техникамен жарақтандыруға қатысты ауқымды жұмыс атқарылды.Компьютерлер, ноутбуктар, притер мен ксерокс, сканерлер сатып алынды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ