ДИКТОР: Көкшетаудағы Құлагер шағын ауданында 120 үй жарықсыз қалды. Жылдар бойы жарық мәселесі жыр болған 6-шы саябақтағы транформатор маңынан шыққан өртті тұрғындар өздері сөндірген. Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ол станцияларды былтыр өз жауапкершілігіне алған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл мереке күндердегі отшашу емес. Жоғары кернеулі сымдардың тұйықталуынан бағанадан шыққан от.

СНХ: АЙЫМ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кеше түнде бізде фейерверк болды. Қатты фейерверг болды. Кеше сағат 3-те авария болды автомат. Әр айда солай сөнеді ол жарты жылға шыдайды. Адамдар 500-1000,2000 теңгеден жинаймыз да автомат аламыз. Сиптар күйеді, адамдар ақша жинаймыз да барлығын өзіміз істейміз. Біз тек горсветке барып свет төлейміз. Тарифіміз бүгінгі күнге 31 теңге.

 СНХ: БЕЙБІТ ЖЕҢІСҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кеше бізді авария болып, сымдары күйіп жанып. Кісілер тоққа түсіп қалмақшы болды. Өз күшімізбен көк транформаторды өз қолымызбен сөндірдік. 18 жылдан бастап акиматқа айтып жатырмыз, жарайды жарайды дейді. Зам акима кеше айтады Үкіметте қазір ақша жоқ бөлінбей жатыр пока деп.

РКС: Жоғары кернеулі трансформаторға жақындауға әдетте тұрғындарға рұқсат жоқ. Ал Құлагер шағын ауданының тұрғындары қоршауды жасап, транформаторға да әзір өздері ие болып отыр. Мұның қауіпті екенін білсек те басқа амалымыз жоқ,- дейді.

СНХ: АЙЫМ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Транформатор кілті өзімде, авария болады. Келеміз, ер адамдар келеді қосамыз, хотя бізде доступымыз жоқ. Білесіздер вольты қанша, сөндіреміз, электрик шақырамыз істейді. Напряжение жоқ күнара счетчик күйеді, стиральная машина күйеді. Страшно, это страшно. Валиханова көшесінде былтыр үй жанып кетті, замыканиеден, осы жылы Ягодное көшесінде тағы бр үй жанып кетті. Әр жыл кемінде бір үйден жанады.

 СНХ: АЗАТ ЖӘЙКЕН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мұнда 300 отбасы тұрады. Сонда 2-ақ транформатор. 220 болу керек болса бізде 140-150-дан аспайды. Бір қыста бір үйде насос отоплениенің 5-6-дан ауыстырады.

РКС: Ал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ол станцияларды өткен жылы өз жауапкершілігіне алғанын айтады.

СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Ол жерде 7-8 көшеде 3 қосалқы станция тұр. Олар осы уақытқа дейін иесіз болды. Ол жерде кезінде рұқсатсыз құрылыс жүргізілген. Яғни саяжай орнына үй салынған. Өткен жылы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі сол желілер мен барлық қосалқы стансаларды өз жауапкершілігіне алды. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша жауапты мердігер анықталады. Жарықтың болмауына байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында біз «Көкшетау Электроэнерго» компаниясына айтып, олардан бір бригада барып, қазір жөндеп жатыр. Келесі аптада электр желілеріне қызмет көрсететін мердігер анықталады.

РКС: Бір тәулікке жақын жарықсыз отырған шағын ауданға түс ауа жарық берілді. Амалымыз таусылған соң телеарна көмегіне жүгіндік, сұрағымыз шешілді дейді тұрғындар. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшылығы келесі аптада мердігер компания анықталса мәселе толық шешіледі деп уәде беріп отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ