ДИКТОР: Егде жастағы адамдарға қамқорлық көрсету мақсатында еліміз бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ашылуда. Жуырда дәл осындай мекеме Көкшетау қаласында да қолданысқа беріліп, қазыналы қарттар үшін көңілге жайлы мекенге айналып үлгерді. Қазірдің өзінде 700-ге жуық зейнеткер тіркелген.

РКС: Үкіжан Керімбаева 72 жаста. Ұзақ жыл тынымсыз еңбек етіп, кезінде сүйікті ісімен айналысуына уақыт бөле алмаған ол енді осы орталықта шұғылданатынына қуанышты. Мұндай орталық денсаулыққа көңіл бөліп, замандастарымен уақытты қызықты өткізуге мүмкіндік береді.- дейді зейнеткер.

СНХ: ҮКІЖАН КЕРІМБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Осы центр ашылғанын көптен-көп күттік. Ашылғанда сразу келіп, жазылдық. Пока осы компьютерға және лечебная физкультураға жазылдым. Бара жата көреміз ғой. Рахмет, осындай центр ашылғанына. Біздің бабушкаларын ойлап. Пенсияға шыққаннан кейін Алматыдан осында көшіп келдім. Бұл менің туған жерім.

РКС: Орталық аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуге, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Мұнда 13 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Орталықта хореография, йога, компьютерлік сауаттылық, шахмат, тіл үйірмелері бар. Сондай-ақ клубтық үйірмелер де қарастырылған. Әр зейнеткер 3 үйірмеге қатысуға мүмкіндігі бар.

СНХ:ЖАНАР АХМЕТЖАРОВА, БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘКІМШІСІ: Соның ішіндегі үйірмеге 2 ай қатыса алады. Екі айдан кейін басқа үйірмеге ауыса алады. Қызығушылық танытқандар өте көп, әр бағытта өзінің дамытқысы келетін зейнеткерлер қаламызда өте көп. Орталыққа келу үшін жеке куәлік көшірмесі, зейнеткерлік кітапшасы, флюрография және де 027 анықтамасы қажет.

РКС: Орталықта қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Сұранысқа ие. Салт-дәстүр мен мәдени құндылықтарды кейінгі ұрпаққа дәріптеуді мақсат тұтқан ақ жаулықтылар ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнер бұйымдарын жасауды меңгереді.

СНХ: СҰЛУШАШ ЕРБАТЫРОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Бұл орталыққа өте қуаныштымын. Зейнеткерлердің екінші өмірі басталды деп айтуға болады. Сол арманға жетейін деп отырмын. Көптеген кружоктар бар. Спорттық жағынан да, шахмат та бар, бассейн. Таяқпен де жүру бар екен. Шамам келгенше осының бәріне қатысқым келеді. Қолөнерді әсіресе жас кезімде оқу оқып, қызмет істеп жүрдік. Оны немерелерімізге қалдыратын жағдайы келді.

СНХ: САМАЛ ҚОСТАНОВА, ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ: Зейнеткерлерге, апаларға ұлттық нақышты жаңғырта отырып, қазіргі заманға сай киімдерге қолдана отырып, осындай бір бағытта жасаймыз және өзіміздің құрақ-көрпе, жастық деген сияқты басынан бастап үйрететін боламыз. Апаларымыздың белсенділігі өте жоғары деңгейде. Барлығын сұрап жатыр, барлығына қызығып жатыр. Әрқайсының өзінің қызығушылығы көрініп тұр. Кейбіреулер кестелеуге қызығып, кейбіреулер бас киімге қызығып жатыр.

РКС: Қазір қала бойынша зейнет жасындағылардың саны 30 мыңға жуық. Орталық күніне 150 адамды қабылдай алады. Алдағы уақытта айына 600-ге жуық зейнеткерді қамтуды жоспарлап отыр.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ