ДИКТОР: Көкшетауда 20-ға жуық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба қолға алынған. Облыс әкімі Марат Ахметжанов олардың құрылыс барысымен танысты.

РКС: Сарыарқа шағын ауданында 588 орындық мектеп-интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Қазір ішкі безендіру мен ғимараттың шатырын орнату жұмыстары жүргізілуде. Марат Ахметжанов құрылысты қысқа мерзімде аяқтап, сапаға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы әкімдігі тарапынан нысанның аумағын абаттандыруды қамтамасыз ету қажеттігін қадап айтты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ,АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жерде енді 1 қыркүйектен сабақ басталып кету керек. Құрылыс жүріп жатқан кезде қадағалау керек соның бәрін, бақылау керек. Мынау мектепке, сәніне қарап, жарқын, благоустройкасын, көгалдандыру, абаттандыру, бірін жақсылап, дұрыстап істеу керек.

РКС: Қопа көлі жағалауының бойындағы Жағалау көшесіндегі аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Жоба "Қазцинк" акционерлік қоғамының қатысуымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде іске асырылуда. Нысанға барған Марат Ахметжанов тас төсеніштерді төсеудің сапасына назар аударып, тиісті ескерту жасады.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Брусчатка өте сапалы, өте жақсы. Бірақ та соның пайдасын көрмей жатырмыз ғой. Анау астары дұрыс болмағасын. Астарын тағы да бір катать етіп, жақсылап трамбовать етіп. Мынау енді қыстай тұрды ғой, отырды кішкене қазір жаңбырдан кейін. Мынаның бәрін қайтадан алып, қайтадан салу керек.

РКС: Учаске бастығы Николай Митрофанов барлық анықталған кемшіліктер қысқа мерзімде және қатаң техникалық талаптарға сәйкес реттелетінін айтты. Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі Марат Ахметжанов құрылыс басқармасына жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейтуді және нысандардағы жұмысшылар санын ұлғайтуды тапсырды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.