ДИКТОР: Наурыз мейрамының құрметіне "Altyntau Kokshetau" компаниясы Қонысбай, Сейфуллин және Қызылсая ауылдық округтерінің тұрғындары үшін жарқын және есте қаларлық іс-шара ұйымдастырды. Өзара ынтымақтастық пен бірлікті дәріптеген мерекелік шара жылы атмосферада өтті.

РКС: "Altyntau Kokshetau" кәсіпорны Қазақстан халқы үшін аса қастерлі әрі маңызды мейрамдардың бірі - Наурызды кең көлемде ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан әрбір адам ұлы мерекенің дәстүрі мен рухын сезініп, ерекше әсер алды.

СНХ: АСЫЛБЕК ШӘКЕЕВ, МӘРЛЕН ЖЕКЕБАТЫР, КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ: Биыл Наурыз қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келуіне байланысты, мерекемізді қала тұрғындары қатыса алатындай етіп сәуір айына ауыстыруды жөн көрдік. Сіздерді көктемнің жарқын мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мол бақыт, мықты денсаулық және ашық аспан тілейміз. Жыл бойы күн шуағындай жайдарлы көңіл мен бірлік серігіміз болсын!

РКС: Наурыз мерекесі аясында алты киіз үй тігілді. Бұл жерде үш округтің ақсақалдарына арнап ет асылып, дәстүрлі дастархан жайылды. Сонымен қатар, барлық қонаққа ұлттық тағамдар - наурыз көже, палау және басқа да дәмдер тегін ұсынылды. 88 жастағы Шәмшия Есімсейітова мерекеге Қызылсая ауылынан арнайы келген. Ол барлық қатысушыларға, қала тұрғындарына құрт -көже дайындап алып келген.

СНХ: ШӘМШИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚЫЗЫЛСАЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Келер жылды амандықпен көре берейік. Жастар аман болсын. Жастардың арқасы ғой бәрі. Той тойға ұлассын. Аман болыңдар. Жылда наурыз тойы бола берсін. Мен құрт-көже әкеле берейін, аман болсын.

РСК: Мерекелік көңіл-күйді өнер ұжымдарының әсерлі өнер көрсетуі, сондай-ақ ұлттық ойындар мен түрлі байқаулар жандандыра түсті. Шараға қатысушылар мерекенің жоғары деңгейде және ерекше жылы атмосферада өткенін айтып, алған әсерлерімен қуана бөлісті.

СНХ: ГАУХАР ҚҰДАБАЕВА, ВАСИЛЬКОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Наурыз мейрамына біз Васильковка ауылынан келдік. Бұл мерекені ұйымдастырған Алтынтау кәсіпорнына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, жылулық, жайлылық тілеп, бүкіл әлемде бейбітшілік болсын дейміз. Мереке құтты болсын!

РКС: "Altyntau Kokshetau" компаниясының ұжымы мен жергілікті тұрғындар көктемді дәл осындай көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ