ДИКТОР: Жастар арасында патриоттық сезімді арттыру, ақындық өнерді дамыту және еліміздің батырларын ұлықтау мақсатында «Ерліктің ерен үлгісі» атты қалалық жас ақындар мүшайрасы өтті. Бұл шара Қазақ халқының атақты батырлары, соғыс ардагерлері, қазақтың даңқты тұлғалары Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына, Мәлік Ғабдуллиннің 110 және Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойларына орайлстырылып ұйымдастырылды.
РКС: Шара барысында қатысушылар өздерінің шығармаларымен батырлардың өмірі мен ерліктерін, қазақ халқының тарихындағы ерекше тұлғалардың жанқиярлық еңбегін айшықтап жеткізді. Мүшайраға қатысушылардың туындыларында ел қорғаған батырлардың ерлігі, ұлтқа сіңірген еңбектері кеңінен көрініс тапты.
СНХ: НҰРЛАН ҚЫСТАУБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бұл мүшәйраның басты мақсаты жас ақындардың арасында отансүйгіштікке тәрбиелеу, ерлікке тәрбиелеу. Жеңістің 80 жылдығының қарсаңында, даңқты батырлардың мерейтой аясында , соларды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жалпы шараға 12 ақын қатысты. Олар колледж және университет студенттері және 5510 әскери бөлімі сарбаздары және де азаматтық қорғаныс академиясының курсанттары
РКС: Сайысқа Көкшетау қаласының ең үздік деген жас ақындары қатысты. Олар бұған дейін де түрлі сайыстарда бақ сынап, өздерінің авторлық қолтаңбаларын жарыққа шығарып жүрген.
ИНТЕРШУМ: өлен оқу сәті
СНХ: БАҒЛАН АСЫЛБЕКҰЛЫ, МҮШӘЙРАҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен осы "Ерліктің ерен үлгісі" сайысының қатысушысымын. Жалпы мен Қазақстанның ең үздік студенті атағын биыл алдым. Бұдан бөлек көптеген мүшәйраларға көптеп қатысамын. Барлығына сәттілік, өзіме жеңіс тілеймін.
СНХ: БҰЛБҰЛ ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, МҮШӘЙРАҒА ҚАТЫСУШЫ: Осы күнге дейін негізі көптеген мәнерлеп оқу болсын, мүшәйралар болсын, көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындардың иегері болып келе жатырмын. Осындай мүмкіндік беріп жатқан Көкшетау қаласының мәдениет орталықтарына рахмет айтқым келеді. Бүгінгі байқауда да қатысушыларға сәттілік тілей отыра, өзіме де ,басқаларға да жеңіс , сәттілік тілегім келеді. Осындай батырларымызды ұлықтайтын жиын, байқаулар өте көп болсын.
РКС: Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 4 курс студенті Мырзат Берденбек місе тұтса, екінші орынды 5510 әскери бөлімінің сарбазы Ернар Төлеген иеленді. Ал бірінші орынды Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс студенті Мерей Балташ еншілеп, ақындық шеберлігімен көпшіліктің көзайымына айналды. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ