ДИКТОР: Мамандандырылған күзет қызметінің өңірлік басқармалары қызметкерлері арасында Щучинск қаласында шағын футболдан республикалық турнир аяқталды. 3 күнге созылған жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген 19 команда арасынан үздіктер анықталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қатысушылар турнирде бәсекеге қабілетті өнер көрсетіп, жеңіске деген құлшынысын білдірді. Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының құрама командалары үшінші орын үшін таласты. Ойын нәтижесінде 3:1 есебімен Алматы облысының командасы жеңіске жетті. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Дипломатиялық өкілдіктерді қорғау жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі департаментінің командасы турнирдің жеңімпазы атанды. Тартысты өткен финалдық кездесуде олар 3:3 есебімен тең түсіп, тек пенальтиде Астананың Мамандандырылған күзет қызметі командасын ұтты.
СНХ: АСХАТ ҚАРАБЕК, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКІЛДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ұйымдастыру, ойыншылардың деңгейі, барлығы жоғары деңгейде болды. Өте қызықты ойын болды. Жалпы осы ойында және де төрешелердің шешімі бойынша мені «Үздік ойыншы» деп бағалады, оған үлкен рахмет, бұл біріншіден. Екіншіден, бұл менің командасталарым арқасы деп ойлаймын. Өйткені бір адам поляда ол ойыншы емес ол. Футбол – командалық ойын болғандықтан, мен өзімнің командастарыларыма үлкен рахмет айтамын.
СНХ: АСЫЛЖАН АСАНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 2023-те де 2 орын алған болатныбыз. Дәл осы 25 жылы тағы 2 орын алып отырық. Дайындық жақсы боды, жақсы өтті. Балалар молодец, еңбекті ақтады. Ризамын өз басым.
РКС: Финалдан кейін турнирдің ресми жабылу салтанаты өтті. Барлық команда өкілдері арнайы дипломдармен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Динамо қоғамына 100 жыл» мерейтойлық медальмен де бірқатары марапатталды. Ведомство басшылығы қатысушыларға және жарысты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
СНХ: РЕНАТ ҰНАРБЕКОВ, ҚР IIМ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құрметті әріптестер, жарысқа қатысушылар, сіздер бүгін тамаша спорттық рух көрсеттіңіздер. Сіздер тек өз салаңыздың кәсіби мамандары ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейлерңізді үлкен алаңда көрсеттіңіздер. Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметінің жеке құрамына осындай деңгейдегі жарысты ұйымдастырғандары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.
РКС: Жарысқа қатысушылар арасынан үздік ойыншылардан құралған команда жасақталып, мамыр айында олар барлық құқық қорғау органдары арасында өтетін турнирде өнер көрсетпек.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ