ДИКТОР: «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы Көкшетау халықаралық әуежайында өз жалғасын тапты. Азаматтарға тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсетуге бағытталған бастама Көкшетау қалалық көлік прокуратурасының қолдауымен жүзеге асуда. Игі шараның мазмұны мен маңызын әріптесім баяндайды.

РКС: «Құқықтық дәріхана» – азаматтарға тегін әрі қолжетімді заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба. Бастама аясында көлік саласында жиі туындайтын өзекті мәселелер қамтылып, жолаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз құқықтарын заң аясында қорғай білуіне мүмкіндік берілді.

СНХ: ШЫҢҒЫС СЕРҒАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ КӨЛІК ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Акция барысында жолаушылар тарапынан ең көп қойылған сұрақтардың бірі, еңбек заңнамасын сақтау, атқарушылық іс жүргізуге қатысты болды. Құқықтық түсіндіру шаралары прокуратурамен бірге тұрақты өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар қажеттілікке байланысты тоқсан сайын ұйымдастырылады. Алдағы уақытта заң мен тәртіп қағидатын іске асыру аясында халықтың құқықтық мәдениетін және құқықтық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар шара жоспарланып отыр.

РКС: Көлік саласында жолаушылардың құқықтары жиі бұзылатыны рас. Осыған байланысты мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз мүдделерін заң аясында қорғауға жол ашады, – дейді тәртіп сақшылары.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ