ДИКТОР: Ақмола облысының 75 мыңнан астам тұрғыны былтыр сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 4 қала мен 100-ге жуық елдімекен орталық су жүйесімен қамтылып отыр. Биыл тағы 8 жоба жүзеге асырылмақ. Осылайша, 260 шақырым су құбыры жөндеуден өтіп, тағы 60 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сонымен қатар, 25 елдімекеннің тұрғыны табиғи газдың игілігін көріп отыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір депуттарымен өткізген есепті кездесуде айтты. Былтыр тағы қандай жұмыстар атқарылды? Өңір қандай салалар бойынша көш бастап тұр? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.

STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Былтыр Ақмола облысы ауыл шаруашылығы саласында көш бастады. Мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 339,4 млрд.теңгеге жетті. Аймақта мал басы бір миллионнан асады. Дегенмен, ауыл шаруашылығы саласының мамандары мұнымен шектелмек емес. Олардың алға қойған жоспары да айқын. Ал, ақмолалық диқаншылар былтыр 7,6 миллион тонна астық жинап, рекорд орнатты. Биыл да осы межеден көрінеміз деп отыр.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ауыл шаруашылығы бұл біздің елімізді дамытатын. Еліміздің әлеуметтік жағдайын, тұрмысын жақсартатын сала. Биыл 3,5 миллион тонна біздің астығымыз шетелге кетті. Жаңа нарықтарды көрсетіп жатырмыз. Өзіміздің Өзбекстан, Тәжікстан емес, жаңа нарықтарды тауып жатырмыз. Енді міне бірдіндеп-бірдіндеп Норвегияға келдік. Келесі жылы ұлғайтамыз Вьетнамға, Алжирға.

STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Ал, құрылыс саласы бойынша аймақ алғашқы бестікке енді. Былтыр, 7 мыңға жуық ақмолалық қоныс тойын тойлады. Бұл дайын баспананы сатып алу және реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылған игі шара. Сақалды құрылыстардың саны да біршама азайған. Аймақ басшысы енді тек осы жобалар бойынша жұмыс жалғасатынын, алдағы уақытта тұрғындар тағы да жаңа баспанаға қол жеткізетінін атап өтті.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мамырдың 24-і тұрғын үйді бөлу қызметі "Отбасы" банкіне берілді. Әзірге облыс бұл жұмысты пилоттық жоба ретінде жүргізіп жатыр. Наурыз айында 400-ден астам отбасы жаңа пәтердің иесі атанады. Бұл әлеуметтік осал топ санатындағы жандар. Енді аймақтағы жолдарға тоқтала кетейік. Былтыр 900 шақырымнан астам жол салынды. Облыстың аумағы үлкен. Жол жабындарын жаңғыртуға 121 миллиард теңге бөлінді. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасады. Сондай-ақ, теміржол станцияларын жаңғырту бойынша да біздің өңір көш бастап тұр. Биыл бірден 16 теміржол вокзалын іске қосамыз.

STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Наурыздың 15-інде жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум өтеді. Онда “Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қолдайсыз ба?” деген бір ғана сұрақ қойылады. Жиын барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңір депутаттары мен аудан және қала әкімдерін аса маңызды науқанда белсенділік танытуға шақырды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мемлекет басшысы биылғы 15 наурызда Республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты, жаңартылған Конституцияның ережелерін халыққа нақты және түсінікті түрде жеткізіп, түсіндіру біздің басты міндетіміз. Барлығынан осы жұмысқа белсенді атсалысуды сұраймын. Өйткені, бүгінгі күні жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстың нәтижесі халықтың қандай таңдау жасайтынына тікелей әсер етеді.

STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Былтыр орташа жалақы 13 процентке өскен. Аймақ басшысы әр сала бойынша қол жеткізілген көрсеткіш мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Жиын соныңда алдағы жоспар айқындалып, сала мамандарына бірқатар тапсырма жүктелді.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ