ДИКТОР: Көкшетауда облыс педагог-психологтардың бірінші аймақтық форумы өтті. Оған 30-дан астам маман, сондай-ақ мектеп директорлары қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Форум екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде мамандар конференцияға қатысып, балалардың бір-бірімен, сондай-ақ ата-аналарымен қарым-қатынастағы мәселелерін талқылады. Конференция барысында практикалық жұмысы де ұйымдастырылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЛМАС ТӨРЕБАЕВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Бүгінгі күнделікті тақырыпта қозғалып жатқан тақырыптар – қазіргі кездегі болашақтағы балалардың психологиялық тәрбиесі, болашақ ұрпақтың өмірге деген дайындығы, ата-аналарды қолдау орталығының жұмысы және де күнделікті өмірде болатын ата-ана мен балалардың арасындағы қарым-қатынас. Балаларға қалай, не істеп көмек бере аламыз. Оларды болашақ өмірге қалай дайындай аламыз. Алда туындайтын сұрақтарға, проблемалық мәселелерге қандай көзқараста болуға керектігін болашақтағы балалардың өміріне деген қолдау.
РКС: Форум барысында педагог-психологтардың авторлық бағдарламаларының «Шығармашылық зертханасы» атты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеде Ақмола облысының мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарының және колледж психологтарының ең үздік авторлық бағдарламалары мен ойындары ұсынылды. Форумның 2-ші кезеңі пленарлық отырыс форматында өтті. Оған мамандардан бөлек, мектеп директорлары да қатысты. Отырыс барысында облыстық психологиялық қолдау орталығының 1 жыл бойы атқарған жұмыс нәтижелері, сондай-ақ, балалар арасындағы өзекті психологиялық мәселелері талқыланды.
СНХ: ЕЛЕНА ПЕТРЕНКО, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі форумға өте өзекті тақырыптар таңдалды. Қазір мектептерде балаларды психологиялық сүйемелдеуді дамыту, буллинг, суицид, кибербуллинг және басқа да құбылыстарға қарсы тұруымыз керек. Ұйымдастырылған көрме де өте жақсы. Мамандардың өз жұмысында пайдалану үшін алуға болатын жұмыстар ұсынылған.
РКС: Форумға еліміздің 5 өңірінен психологиялық қолдау көрсету орталығының өкілдері қатысты. Облыс мектептерінде 700-ден астам психолог жұмыс істейді. Десе де, 6 мектепте педагог-психолог маманы жетіспейді. Қазір сол мамандардың жалақысын көтеру мәселесі қозғалып жатыр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.