ДИКТОР: Ақмола облысы көктемгі дала жұмыстарына толық дайын. Биыл өңірде 5 млн-нан астам гектар алқапқа дән сіңіру жоспарланып отыр. Егістікті әртараптандыруға басым бағыт берілген. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 5,2 млн гектар алқапқа орналастыру көзделуде. Егіс науқаны аясында ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру мақсатында майлы дақылдардың көлемі айтарлықтай ұлғайтылмақ. Атап айтқанда, майлы дақылдар 161 мың гектарға арттырылып, жалпы көлемі 430 мың гектарға жеткізіледі.
СНХ:НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Дәнді және бұршақты дәнді дақылдардың егіс көлемін 106 мың гектарға қысқарту көзделіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар картоп дақылдарының да егіс көлемін 2,5 гектарға ұлғайтып, жалпы көлемі 10400 гектар алқапқа жеткізетін боламыз. Және көкөніс дақылдары 1,5 гектарға егіледі. 416 мың гектарға мал азықтары орналастырылатын болады. Бүгінгі күнге көктемгі дала жұмыстарына қажетті барлық шаралар толығымен дайын. Атап айтқанда 540 мың қажетті тұқым толық дайындалды. Оның 88 пайызы толығымен тексеріліп, 1-ші, 2-ші класты конденсиалды тұқымдар сапасы алынды.
РКС: Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету де алдын ала жоспарланған. Үкімет тарапынан облысқа 76 600 тонна дизель отыны бөлінген. Бүгінде оның 18 мың тоннасы облысқа жеткізілген. Айта кетерлігі, бұл жанармай нарықтық бағадан 14-15 процентке арзан. Яғни, литрі 254 теңгеден босатылып отыр.
СНХ: НҰРБЕК БАДЫРАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тауар өндірушілерге босату жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек тауар өндірушілерді минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін отандық «ҚазАзот» акционерлік қоғамымен келісім шарттары жүргізіліп, нәтижесінде 70 мың тонна тыңайтқыштарға отырдық. Оның 20 мың тоннасы облысқа жеткізілді.
РКС: Көктемгі дала жұмыстарына арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы өткен жылдың желтоқсан айында басталған. Бүгінге дейін шаруалардан 90 миллиард теңгеден астам өтінім қабылданып, оның 65 миллиард теңгесі сәуір айының басына дейін тікелей шаруалардың есепшоттарына аударылған. Қазіргі облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылығы техникасы толық дайын. Ауа райы қолайлы болса, мамыр айының басында егіс жұмыстары басталмақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ