ИНТЕРШУМ:

ДИКТОР: Кеше еліміздің барлық өңірінде Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні атап өтілді. Көкшетауда айтулы күнге орай мерекелік «Open Air» өтті. Ашық аспан астындағы мерекеге жиналғандардың басым көпшілігі – жастар.

РКС: Ашық аспан астындағы мерекелік шараға жиылған жастарға жергілікті өнерпаздар махаббат тақырыбына арналған әндерді шырқады. Сондай-ақ жұптар үшін түрлі байқаулар да ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

СНХ: ҚАЛЫМЖАН АРУЖАН, СТУДЕНТ: Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні күшті өтіп жатыр. «Организаторларға» көп-көп рақмет. «Жастар рухы». Маған көп ұнады. Неше түрлі «приздар» беріліп жатыр. Жақсы!... Бәрі жақсы!. Бәрі көңіл-күйімен, күшті...

СНХ: АҚБОТА НҰРБЕКҚЫЗЫ, СТУДЕНТ: Осындай іс-шаралар алдағы уақытта көп болса біз үшін өте керемет болатын еді. Себебі, күн жылыған сәттен бастап осы жастардың осындай іс-шараларға қзығушлығы өте қатты артады.

РКС: Сондай-ақ «Думан» педагогикалық ұйымы да өнерлерін паш етті. Олар қағытпа қалжыңмен көрерменге күлкі сыйлап, мәңгілік махаббатты тақырыптарына арқау етті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: СҰЛТАНБЕК БЕКІШЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгін біз жастардың көңілін көтере білдік деп ойлаймын. Айтулы мереке жастардың сүйіктілеріне сезімін білдіруге өте бір жақсы себеп. Мұндай мерекелік кештерді біз соңғы 10 жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Жастар қашан да белсенді, ұдайы кез келген шараға атсалысады.

РКС: Мереке соңы көңілді би кешіне ұласты.

БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ