ДИКТОР: Щучинск орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің студенті беделді "DigitalAgroleaders 2025" (Дидижитал Агролидерс-2025) байқауында жеңіске жетті. Қазір ол АҚШ-тағы "Джон Дир" зауытында тағылымдамадан өтуге дайындалып жатыр. Сапалы білімнің арқасында осындай халықаралық табысқа жеткен студентпен тілшіміз кездесіп қайтты.

РКС: "DigitalAgroleaders 2025" республикалық байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен талантты студенттер жиналды. Олар аграрлық технологиялар, IT, инженерия және мехатроника саласындағы жобаларын ұсынды. Байқау "Eurasiagroup Қазақстан" компаниясының қолдауымен EurasiaEducation жобасы аясында өткізілді.

СНХ: СЕРГЕЙ ДОМБРОВСКИЙ, ЩУЧИНСК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мен осы байқауға студенттерді дайындадым. Біз қозғалтқыш құрылғысы мен жүйелерінің жануына қатысты тапсырманы зерделедік. Соның арқасында біз жеңіске қол жеткіздік.

РКС: Иван Ермоленко «Ауыл шаруашылығының механизациясы» мамандығының екінші курс студенті. Жекелей есепте жеңімпаз атанды. Ол әйгілі «John DEERE» ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын маерикандық зауытта тағылымдамадан өтуге жолдама ұтып алды. Жүздеген өтінімнің ішінен оның жұмысы мен идеясы үздік деп танылды.

СНХ: ИВАН ЕРМОЛЕНКО, ЩУЧИНСК ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Жеңісім менің ғана жетістім емес, оқытушылар мен тұтастай колледждің үлесі деп білемін. Осындай шараларға қатысуға мүмкіндік берге өзімнің білім ошағыма алғысымды айтамын. Алған білімімізді осындай деңгейде көрсетуге мүмкіндік жасап отыр.

РКС: Қазір студент АҚШ-та тағылымдамадан өтуге, ал колледж жаңа белестерді бағындыруға қызу дайындық үстінде. Иванның жеңісі тұтастай алғанда Ақмола облысындағы аграрлық білім берудің жоғары деңгейде екенін тағы бір дәлелдеп берді.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ