ДИКТОР: Облыс тұрғындары арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында облыстық әділет департаменті жыл басынан бері 169 құқықтық түсіндіру шарасын өткізді. Департаменттің және басқа да мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілерінде 794 мақала жарияланды. Бұдан басқа, әділет органдары ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа қол жетімділігін жеңілдету үшін бірқатар шара қабылдауда.
РКС: Қазір әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электрондық форматқа ауыстырылды. Олардың көбі толық автоматтандырылған, бұл қызмет көрсетудің сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Өткен жылдың 1-ші тоқсанында 195 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, осы жылдың сәйкес кезеңінде оның саны 300-ден асты.
СНХ: МЕДЕТ ЕДІРІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, бұл олардың заңды күшіне енуі үшін қажетті шарт. Биыл тіркеуге 189 нормативтік-құқықтық акт түсті. Мемлекеттік тіркеуге 23 келіп түссе, 17 нормативтік-құқықтық актіге қатысты 4 ұсыным шығарылды. Әділет департаменті 12 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. 1 тоқсанда 318 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
РКС: Әділет департаменті «Е-заң көмек» мобильдік қосымшасында жасанды интеллекті бар чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр. Бұл азаматтарға құқықтық сұрақтар бойынша тәулік бойы жауап алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам азаматқа мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілді. Бұдан басқа, әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және атқарушылық іс жүргізу бағытында да қызмет атқарып отыр. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушыларға қатысты қадағалау жүргізеді.
СНХ: ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қадағалау барысында 2025 жылдың 1 тоқсанында жеке сот орындаушылардың атқаруында 1 миллиард 773 миллион 339 мың 83 теңге сомасында 38 мың 822 атқару ісі болған. Оның 293 миллион теңгесі, яғни 9 мың 538 атқарушылық іс аяқталды. Және де 150 миллион 10 мың теңге сомасында 4 мың 575 нақты орындалған. Мемлекеттік сот орындаушылардың қолында 11 миллиард 572 миллион 180 мың 855 теңге сомасында 263 атқарушылық іс жүргізілуде болды. Ол жерде 2 миллиард 791 миллион 967 мың теңге сомасы өндіріліп алып, 52 іс аяқталды. Нақты орындалғаны 29 миллион 204 мың 401 теңге.
РКС: 3 айдың ішінде жеке сот орындаушыларға қатысты жоспардан тыс 31 бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде 11 арыз-шағым қаралып, 2 жеке сот орындаушыға тәртіптік жауапкершілік шарасы қабылданды. Бұдан басқа, 16 жеке сот орындаушыға жоспарлы бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 6 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.