ДИКТОР: Ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы, көп қырлы ғылыми зерттеулері, тек қазақ халқы үшін мәдени құбылыс және тұтас дәуірі емес, көптеген елдердің түркітанушыларының, тарихшыларының, этнографтарының, филологтарының зерттеу тақырыптары. Бүкіләлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында 1984 жылғы 18 сәуірден бастап жыл сайын әлемде атап өтіліп келеді. Осыған орай этнограф,зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шоқан мұрасы әлі де зерттелу мен зерттеуді қажет ететін, тарихи-ғылыми үлкен сала,-дейді ғалымдар.
РКС: Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырдың шындығына бейімдей отырып, кешенді және әдістемелік тұрғыдан ілгерілету қажет. Ғылыми зерттеулер, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазбалар жүргізу, мұражай ісін дамыту, шетелдік мұрағаттарды зерттеу, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту-осы үлкен жұмыстардың барлығын жүйелеу керек екенін атап өтті. Халықаралық тарихи ескерткіштер мен тарихи мұраларды қорғау күні қарсаңында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына конференция ұйымдастырылып, оның ғылыми еңбектерін ғалымдар жан-жақты саралады.
СНХ: ЖАСҰЛАН ҮКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Шоқан Уәлихановтың қай кезеңдегі тарихты алып қарасақ та осы ең бірінші тарихи ескерткіштерді қорғаушы инспектор ретінде, археолог ретінде ол кісі өлкетанушы ретінде Ақмола өңіріндегі Бытығай кесенесі, Жәнібек Шалқар кесенесін, Ұлытау өңіріндегі Алаша хан, Жошы хан кесенесін алғашқы сипаттап, зерттеген ғалымдардың бірі. Қай кезеңді,қай тарихты алып қарасақ та Шоқан Уәлихановтың еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан осы конференцияны ұйымдастырдық.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Яғни біздің мақсатымыз осы Шоқанның мұрасын жас ұрпаққа жеткізу, шоқантану саласында қандай проблемалар бар, қандай өзекті мәселелер бар алдағы біздің жоспарларымыз туралы айтып кету болатын-ды.Сондықтан Шоқан Уәлиханов біз үшін, тарихшылар үшін,зерттеушілер үшін әлі де үлкен бір сала, үлкен бір бағыт.Өйткені Шоқанды толық зерттедік деп айта алмаймыз. Оның мұралары әлі де шетелдік архивтерде бар. Жазбалары бар.
РКС: Цифрлық технологияларды енгізу барысында туындайтын тағы бір маңызды мәселе – кадр дайындау. Еліміздегі жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерде цифрландыру саласының мамандарын даярлау бағдарламаларын күшейту қажеттілігі туындап отыр. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы бұл салада тұрақты әрі ұзақ мерзімді жетістіктерге қол жеткізілетіні де айтылды. Конференцияға Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Көкшетау қалаларының ғалымдары, тарихшылары, археологтары қатысты. Олар ғылыми бағыттың жетістіктері мен даму перспективалары туралы, Шоқан Уәлихановтың зерттеулеріндегі тарих және мәдениет ескерткіштері туралы, сонымен қатар тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау мен қорғау саласындағы әдістер, тәсілдер мен шешімдер туралы талқылап, пікір алмасты. Конференция соңында өлкенің археологиясын зерттеуге ат салысқан оқушылар, сонымен қатар жиынға қатысқан спикерлер марапатталды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ