ДИКТОР: Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы ретте Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Марат Ахметжанов, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнінен бастап, өзінің басты мақсаттарын айқындап алды. Елдегі этносаралық татулық пен бірлікті орнату мен нығайтуда, түрлі этностың мүдделерін қорғап, олардың мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келеді. Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы мыңдаған жобаны жүзеге асырып, этностардың дәстүрі мен мәдениетін сақтау бағытында жемісті жұмыс атқаруда. Жиын барысында Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы құрылымының мүшелері сөз сөйлеп, аталған ұйым қызметінің маңыздылығы мен өңірде жүзеге асырылып жатқан шаралар жайында баяндады.

СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Былтырғы жылы Ақмола Ассамблеясымен 40 мыңнан астам адамды қамтитын 1 мыңға жуық іс-шара өткізілді. 41 Ақсақалдар кеңесі «Адал Азамат», «Кемелдік пен креатив» жобаларын іске асыруда. Отбасы құндылықтарын сақтауға, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» және «Әже тәрбиесі – ұлылықтың дәні» ассамблея жобаларын 104 Аналар кеңестері белсенді іске асырып келеді. Биыл кеңес бастамасымен Неке қию сарайында жас жұптарға бата беруді көздейтін «Ақ тілек: 30 жұпқа бақыт сыйлау» жобасы іске қосылды.Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай екі мыңға жуық аналардың қатысуымен «Ақ кимешек» шеруі өтті. Ел тарихында болған іргелі шараның Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілуі - біз үшін үлкен мақтаныш.

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы рөлі мен ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы маңызына ерекше тоқталып өтті. Сондай-ақ, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде Ақсақалдар кеңесі, Аналар Кеңесі , Ассамблея жастарымен қатар басқа да құрылымдардың ролі ерекше екенін жеткізді.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Жиын соңында өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан бір топ азамат Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ТАЖИБУВИ МЕДЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӨЗБЕК ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ:///Ассамблея еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті нығайтудағы басты құрал. Ұлттың рухани жаңғыруына үлес қосатын жобалар жүйелі жүзеге асуда. Өңірде атқарылып жатқан шаралар соның айқын дәлелі. Биыл Ассамблея жұмысы 30 жылдық мерейтой мен жұмысшы мамандықтар жылына бағытталған. «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» жоспары аясында 13 жоба мен 50-ден астам ірі шара өткізу көзделуде.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ